13.04.2010, 17:15 3256

Петропавловск қаласында троллейбус паркінің бір директорының үстінен өзінше билік еткені үшін қылмыстық іс қозғалды

Петропавловск қаласында троллейбус паркінің бір директорының үстінен өзінше билік еткені үшін қылмыстық іс қозғалды

Петропавловск. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында троллейбус паркінің бір директорының үстінен өзінше билік еткені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, наурыздың басында кәсіпорында екі директор пайда болған. Олардың бірі бұл қызметке соттың шешімі бойынша қайта оралғанымен, оның орнында бстық болып отырған адам қызмететн кетуден бас тартқан. Директорлардың арасындағы дау-дамайға байланысты троллейбустар екі күнге тоқтап, жалақы ұзақ уақыт бойы төленбей келген.

Қазір олар сол бұрынғыша әркім өз жұмыс бөлмесінен басшылық жасауда. Тек қалалық әкімдіктің араласуымен ғана қызметкерлерге жалақы төленді.

"Алайда осы уақыт ішінде ахуал шиеленісе түсті. Троллейбус паркін қарулы адамдар күзетуде, ал бұл ұжымның жұмысына кері әсерін тигізуде", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары троллейбус паркінің директоры Матвейчуктың осы лауазымды иемденуінің заңдылығына тексерік жүргізді, ал ол болса қарулы күзет қойып отыр кәсіпорында. Ол өз қызметіне соттың шешімі бойынша қайта орналасқанымен, директордың орынтағын иемдену үшін жеке меншік құрылымдарды тартуға құқығы болмаған, деп хабарладйы прокуратурадағылар.

Қалалық ішкі істер басқармасы Матвейчуктің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 327-ші (өзінше билік ету) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны