17.10.2007, 18:18 2859

Петропавловскіде өткен аптада мас күйінде көлік басқарған 241 жүргізуші ұсталған

Петропавловскіде өткен аптада мас күйінде көлік басқарған 241 жүргізуші ұсталған.

Петропавловск. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскіде өткен аптада мас күйінде көлік басқарған 241 жүргізуші ұсталған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне жол полициясының жеке батальонының командирі Сайлау Мусин хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысының жол полицейлері "Қауіпсіз жол" атты республикалық жедел-профилактикалық шараларды бір апта бойы жүргізген.

Баспасөз қызметіндегілердің атап өтуінше, іс-шара барысында анықталған заң бұзушылықтардың ішінде көлікті мас күйінде басқару мен жылдамдық ережелерін бұзу деректері басым. "Шараны жүргізу барысында көлікті мас күйінде басқарған 241 жүргізуші ұсталды",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Жол полициясының жеке батальонының командирі Сайлау Мусинның айтуынша, жедел шаралар барысында 2070 заң бұзу деректері анықталған. Соның ішінде жаяу жүргіншілерге 37 әкімшілік хаттама толтырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны