08.11.2017, 18:04 4895

ПМХЗ бас директоры жұмыстан босатылды

ҚР Энергетика министрлігінде өткен кеӊестіӊ қорытындылары бойынша "ҚазМұнайГаз - қайта өӊдеу және маркетинг" АҚ Директорлар кеӊесініӊ шешімімен Шухрат Абдурашитович Данбай атқаратын қызметінен босатылды.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 7 қарашада Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жұмыс кеӊесін өткізді. Онда Қазақстанныӊ үш МӨЗ-ін жаӊғыртудыӊ ағымдағы мәселелері талқыланды. Топ-менеджерлердіӊ әрқайсысы зауыттардағы қалыптасқан жағдайды және ЖЖМ-ныӊ барлық түрін жеткілікті мөлшерде өндірудіӊ жаӊа мерзімдері туралы баяндады.

ПМХЗ бас директоры Шухрат Данбайдыӊ ақпараты бойынша Еуро-4 және Еуро-5 класты жоғары октанды бензинді үлкен көлемде өндіруге мүмкіндік беретін жабдық - католитикалық крекингтіӊ жаӊа қондырғысын сынау 10 қарашаға белгіленген.

Алайда, тағы бір үлкен проблема бар екендігі анықталды - зауытта дизель отынын өндіруге қажет сутекті өндіру қондырғысы бірнеше апта бойы жұмыс істемей тұр. Оны жөндеу желтоқсанныӊ ортасына дейін созылуы мүмкін, бұл елімізде дизель отыныныӊ жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін.

"Қараша және желтоқсан айларында зауытта дизель отынын өндіру 150 мыӊ тоннадан 25 мыӊ тоннаға дейін төмендейді, яғни ай сайын 125 мыӊ тоннаға кем. Бұл айқын жағдай. Сіздер жұмысты орындамадыӊыздар", - деді Қ. Бозымбаев Ш. Данбайға.

Өз кезегінде, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыӊбаев ішкі нарықта сату үшін қазіргі нарықтық бағамен - литрына 157-160 теӊге - импорттық (ресейлік) дизель отынын сатып алу арқылы компания өз шығыны есебінен қалыптасқан проблеманы шешетіндігін хабарлады.

ҚР Энергетика министрлігінде өткен кеӊестіӊ қорытындылары бойынша "ҚазМұнайГаз - қайта өӊдеу және маркетинг" АҚ Директорлар кеӊесініӊ шешімімен Шухрат Абдурашитович Данбай атқаратын қызметінен босатылды. "ПМХЗ" ЖШС бас директорыныӊ міндетін атқарушы болып Оспанбек Балтабаевич Алсеитов тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны