29.05.2023, 12:33 10076
Порнография таратумен айналысқан топты ұйымдастырушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Шымкентте сот нақты уақыт режимінде интернет арқылы порнография таратумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырушыны 12 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Еске салайық, 2021 жылдың шілдесінде криминалдық полицияның жедел уәкілдері әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг барысында онлайн трансляция жасайтын порностудияны анықтаған болатын. Полицейлер бұл ақпаратқа қызығушылық танытып, жарты жыл ішінде барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде тергеушілер Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тұрғындарының ізіне түсті, оның ішінде 5 Қырғызстан және 5 Қазақстан азаматы бар. Полиция департаментінің қызметкерлері оларды үш мегаполистегі жалдамалы пәтерлерде ұстады. Тінту кезінде күдіктілерден 44 мың АҚШ доллары көлемінде ақша және Алматыдағы жылжымайтын мүлік пен есірткі де тәркіленді. Ірі қалалардағы жалдамалы пәтерлерде жабдықталған 10-нан астам веб-порно-студиялар бар екені анықталды. Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген, оның ішінде екеуі кәмелетке толмаған.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің бес бабына сәйкес 9 айдан астам уақыт бойы жүргізілді, оның ішінде (Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді дайындауға тарту), (Ұйымдасқан топты құру және басқару), (Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) және (Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және олардың айналымы немесе порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуы)", - дейді Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Әбуов .
Бұл онлайн режимде жұмыс істеген Қазақстандағы порностудияны анықтаудың алғашқы жағдайы екенін атап өткім келеді. Осы қылмыстық істің бірегейлігі мен күрделілігін ескере отырып, ол полиция департаменті мен прокуратура басшылығының ерекше бақылауында болды. Тергеу барысында тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі екі тергеушісі жұмыс істеді. Олар іс жүзінде қылмыскерлердің осы қылмыстарға қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жинады. Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер куәгер ретінде 50-ден астам адамнан жауап алды. Олар өздерінің қылмыстық әрекеттеріне қашықтан ағылшын тілінен орыс тіліне аудармашы-операторларды тартқан. Өйткені, аталған веб-порно-студияның аудиториясы негізінен шетел азаматтары болған және қызмет ақысын шетел валютасымен төлеген. 25 жастағы Қырғызстан азаматы Әлішер Шаршеналиев осы трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырды және басқарды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесінің міндетін өзі бөліп берген. Қылмыстық топтың барлық мүшелері белгілі бір тәртіпке сай әрекет еткен. Негізінен жоғары жалақыны уәде етіп, тұрмысы төмен отбасынан шыққан келбеті сүйкімді қыздарды жұмысқа алған. Әрбір қыз белгілі бір қатаң ережелерге бағынған. Кез келген заңбұзушылық үшін үлкен айыппұлдар төлеген. Нәтижесінде тергеу тобы қылмыстық істің 167 томын жинап, әр томы 186 беттен тұрды. Яғни, көп томдық іс жалпы 31 мыңнан астам бетті құрады. Бұл осы ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесінің рөлі мен кінәсін дәлелдеу үшін тергеушілерге заттай дәлелдемелерді жинау бойынша тыңғылықты және орасан зор жұмыстарды атқаруға тура келгенін аңғартады", - деп аяқтады Талғат Әбуов.
2022 жылдың мамыр айында тергеушілер істі айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберді. Өз кезегінде, сот қылмыстық іс материалдарын зерделеп, 2023 жылдың сәуір айының соңында үкім шығарды: ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әлішер Шаршеналиев қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды және оның қылмыстық тобының мүшелері 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.09.2023, 13:20 201
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы ҚР жаңа заңы адал инвесторларға әсер етпейді
Сурет: Depositphoto
Достарға айту
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы ҚР жаңа заңы адал инвесторларға әсер етпейді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламент Мәжілісі депутаттары 2023 жылы 12 шілдеде қабылданған «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қылмыстық жолмен алынған мүлікті жылыстату саласындағы барлық заманауи халықаралық танылған стандарттар мен тәжірибелерді мұқият зерделеу және қолдану негізінде, сол сияқты заңсыз иемделінген мүлікті, оның ішінде шетелден қайтару жөніндегі Қазақстанның практикалық тәжірибесін талдау және осыған байланысты халықаралық ұйымдарымен, шет мемлекеттердің соттарымен және құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл негізінде әзірленді.
Халықаралық стандарттар конституциялық-құқықтық ережелер мен қазақстандық құқықтық жүйе мен құқықтық тәртіптің іргелі негіздерін ескере отырып, Қазақстанның ұлттық құқығына енгізілді.
Заң бастамашы депутаттардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық сарапшылардың (экономистер, құқықтанушылар және т. б.) қатысуымен әртүрлі алаңдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында және Парламент Палаталарының жұмыс топтарында барлық қажетті сараптамалардан және жан-жақты талқылаудан өтті.
Заңның мақсаты мен негіздемесіне сәйкес Заң қазақстандықтардың қазіргі және келешек ұрпағының мүддесі үшін, Қазақстан халқының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, құқық үстемдігін, әлеуметтік әділеттілікті, Қазақстан халқының игілігі үшін оның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды реттейді.
Құқықтық айқындылық талаптарына сәйкес, активтеріне қатысты Заң қолданылатын субъектілердің нақты шеңбері айқындалған, сол сияқты халықаралық және шетелдік тәжірибеден Қазақстанның ұлттық заңнамасына алғаш рет енгізілетін барлық түйінді терминдер мен құқықтық институттардың анықтамалары берілген.
Осылайша, Заңда "заңсыз иемделінген активтер", "активтер", "әкімшілік-билік ресурстары", "адал иемденушілер", "адал кредиторлар", "үстеме кірістер" және т. б. ұғымдар айқындалды.
Қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы қазақстандық заңнамада көзделген "жария лауазымды адамдар" ұғымын ескере отырып, Заң субъектілеріне оның мәні мен реттеу мақсаттары шеңберінде Конституцияда көрсетілген лауазымдарды атқаратын барлық адамдарды, саяси мемлекеттік қызметшілерді, депутаттарды, судьялар және басқа да жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілерді қоса алғанда, жоғары деңгейдегі шенеуніктер, мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялардағы басқарушылар, сол сияқты өздерінің әкімшілік-билік ресурстарын, байланыстары мен ықпалын пайдалану есебінен олардан активтер мен кірістер (үстеме кірістерді қоса алғанда) алған олармен үлестес олигополия субъектілері жатқызылады.
Заңсыз иемделінген активтерді жасыру мақсатында әр түрлі үшінші тұлғаларға (номиналдарға, туыстарына және т. б.) ресімдеу практикасын ескере отырып, мұндай адамдар шеңбері де Заңда қолданыстағы халықаралық стандарттар мен олардан заңсыз шығарылған активтерді іздеу және зардап шеккен мемлекеттерге қайтару саласындағы тәжірибе талап ететіндей айқындалған.
Бұл ретте Заңда субъектілер мен үлестестердің нормативтік белгіленген шеңберінен тыс субъектілік құрамды ерікті түрде кеңейту мүмкіндігі көзделмеген. Активтердің шығу көздерінің заңдылығын тексеру және мәжбүрлеп қайтару туралы талап қою үшін тізілімге Заңда нақты көрсетілген (көлемі бойынша елеулі активтерге иелік етуді қоса алғанда) белгілерге жататын субъектілер мен үлестес тұлғалар ғана енгізілуі мүмкін.
Субъектілер мен олардың үлестес тұлғалары үшін негізгі міндет Заңның 2-бабында көзделген - олар осы Заңда белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша сотта өздеріне тиесілі активтердің шығу көздерінің заңдылығын дәлелдеуге міндетті.
Тиісінше, Заңда "заңсыз иемделінген активтер" - соттың осы Заңда көзделген негіздер бойынша пайда болуы түсініксіз (шығу көзінің заңдылығы сотқа дәлелденбеген) активтер деп тануына байланысты мемлекетке қайтарылуға жататын активтер деп анықталған.
Сот бақылауы шеңберінде Заңның ережелерінде құқықтық сенімділікті қалыптастыруға және қарсылас азаматтық процесте әр тараптың өз құқықтарын қорғау мүмкіндігіне кепілдік беруге бағытталған іс жүргізу ережелері мен дәлелдеу стандарттары көзделген.
Азаматтық іс жүргізу кодексі ілеспе түзетулермен азаматтар мен ұйымдардың ерекше талап қою ісін жүргізу тәртібімен активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның кез келген заңсыз әрекеттеріне шағымдану туралы талаптарын қарауға арналған жаңа тараумен толықтырылды.
Ашықтық, заңдылық, озбырлықтан қорғау мақсатында активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның жұмысын сот арқылы ғана емес, қоғамдық бақылау да көзделген.
Атап айтқанда, сотқа дейінгі кезеңде субъектілер тізілімін қалыптастырудан бастап, ерікті түрде қайтару туралы келісімдер (және осындай келісімдердің шарттары) жасасуға не мәжбүрлеп қайтару туралы соттарға талап-арыздар беруге дейінгі барлық түйінді мәселелерді құрамына міндетті түрде атқарушы билік өкілдері ғана емес, депутаттар да, сондай-ақ елдің беделді қоғам қайраткерлері кіретін комиссияның қарауы көзделген.
Заңда жекелеген бапта активтердің шығу көздерінің заңдылығына қатысты азаматтық-құқықтық талқылау процесіне тартылған субъектілер мен үлестес тұлғалардың құқықтарын қорғаудың елеулі кепілдіктері көзделген. Бұл кепілдіктер Республика Конституциясы мен заңдарында көзделген азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған қолданыстағы нормаларды күшейтеді және толықтырады.
Уәкілетті органның заңсыз сипаттағы және жеке тұлғаларға залал келтіретін әрекеттері - мемлекеттің мүліктік жауаптылығына әкеп соғады. Заңда Азаматтық кодексте көзделген осы іргелі ереже активтерге негізсіз қамтамасыз ету шаралары қолданылған жағдайларға қатысты нақтыланады.
Ақырында, активтерді қайтару саласындағы халықаралық стандарттарға толық сәйкес Қазақстан Заңында активтерді адал иемденушілердің құқықтарын қорғауға тиісті кепілдіктер, сондай-ақ адал кредиторлар, сол сияқты активтерді заңсыз иемдену және шығару фактілері туралы хабарлаған немесе активтерді қайтаруға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды қорғау кепілдіктері көзделген.
Активтерді қайтару процесінің ерекшелігі мен күрделілігін, шетелдік әріптестермен халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың жинақталған тәжірибесін назарға ала отырып, іс жүргізу және материалдық-құқықтық сипаттағы талаптарды, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласындағы талаптар мен кепілдіктерді мүлтіксіз сақтауға ерекше назар аударылады.
Қазақстанның шет мемлекеттермен инвестицияларды қорғау және қолдау саласындағы барлық жасалған және қолданыстағы халықаралық-құқықтық келісімдері тең дәрежеде есепке алынуға тиіс.
Айта кету керек, ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамаға сәйкес инвестициялық белсенділіктің өсуіне кедергі жасау, Қазақстанның халықаралық аренадағы экономикалық рейтингіне нұқсан келтіру - елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қатерлер қатарында қарастырылуда.
Қазақстан Конституциясында жеке меншік құқығының мызғымастығы, сондай-ақ әрбір адамның заңды түрде сатып алынған кез келген мүлікті жеке меншікте ұстау құқығы көзделген және кепілдендірілген.
Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс күрделі, көп деңгейлі, кешенді сипатта болатынын, әлемнің әртүрлі елдерінде жиі кездесетін көптеген субъектілер мен активтерді тарта отырып, жүргізілетінін ескерсек, Заңда көзделген ережелер - Қазақстан Республикасы Конституциясының, Азаматтық кодексінің, басқа да заңдары мен халықаралық келісімдерінің жоғарыда аталған және өзге де нормаларын толықтырады және нығайтады.
Қазақстан Парламенті қабылдаған Заң халықаралық стандарттар мен дамыған батыс елдерінің құқық үстемдігі мен тәжірибесіне сүйене отырып, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты дамуына, Қазақстан Конституциясымен, оның халықаралық міндеттемелерімен және заңнамасымен ұлттық және шетелдік инвесторларға, кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғаларға кепілдік берілген құқықтарды қатаң сақтай отырып, активтерді елден одан әрі шығаруға ықпал ететін жағдайларды жою үшін іргелі негіз құруға бағытталған.
Осылайша, Заң адал инвесторларға, оның ішінде шетелдік инвесторларға қарсы бағытталмаған. Өзге жағдайлар болмаған жағдайда құны 13 млн АЕК (44,8 млрд теңге немесе $100 млн) асатын активтердің болуы адал инвесторларға аталған Заңның нормаларын қолдану үшін дербес негіз болып табылмайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.09.2023, 11:47 2076
Қазақстанда монополист компания мұнай тасымалдау тарифін 30 есеге арттырған
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кеңесте кен орындарының бірінен шикізат өңдеу үшін битум зауытына жіберілетін мұнай құбыры бар жеке компанияның қызметі қаралды. Аталған бағытта осыған ұқсас басқа құбырлар болмағандықтан, мұнайды балама жолмен тасымалдау мүмкін емес.
Соған орай компания өзінің монополиялық жағдайын пайдаланып, мұнайды осындай қашықтыққа тасымалдау үшін нарықтың басқа қатысушылары қолданып отырған тарифтен 30 есе жоғары тариф белгілеген.
Талқылау қорытындысына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға белгіленген бағалардың негізділігіне талдау жасау және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті арқылы қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Сондай-ақ жиында АМӨЗ және ПМХЗ-ға аутсорсинг шеңберінде көрсетілетін бірқатар сервистік қызметтерді зауыттардың өз құзыретіне қайтару мәселесі де қаралды. Атап айтқанда, ПМХЗ-да автоматика мен құбыр желілеріне техникалық қызмет көрсету, сумен жабдықтау және сантехникалық қызмет көрсету функцияларын кәсіпорынның қарамағына берудің бірінші кезеңі аяқталғаны айтылды. Қазіргі уақытта мұндай жұмыстар құрылыс-монтаждау қызметтері, электр желілері мен желдету жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, жүк жөнелтушінің қызметтері және т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Сонымен қатар жиынға қатысушылар медициналық ұйымдарды жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін кәсіпорынды сенімгерлік басқарудан Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру, сондай-ақ бұрын мемлекет меншігіне қайтарылған теміржол кірме жолдарын пайдалану мәселелерін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.09.2023, 11:36 2251
Қазақстанда 2022 жылдың басынан бастап мемлекетке 8,3 млн га жер қайтарылды
Достарға айту
Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен игерілмей жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің дерегі бойынша 2022 жылдың басынан бері мемлекетке 8,3 млн га (2022 жылы - 5,4 млн га, 2023 жылдың өткен кезеңінде - 2,9 млн га) жер қайтарылды. Тексеру қорытындысы бойынша Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері 835,9 мың га аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 615 ұйғарым енгізді. Бұдан бөлек, 271,5 мың га бойынша 183 іс сот органдарының қарауында жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша 797 жағдайда заңбұзушыларға жалпы сомасы 156,3 млн теңге айыппұл салынып, оның 68%-ы өндіріліп алынды. Атап өту керек, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 689 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін қайта игеруге кірісті",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановтың айтуынша, былтыр жалпы жерді ерікті қайтару үлесі 72,2% құрады. Биыл бұл үлес 62%-ға дейін төмендеді, бұл мәжбүрлеп алу көрсеткішінің өсуін білдіреді.
Әкімдіктер қабылдаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру туралы шешімдердің заңдылығына келетін болсақ, 2022 жылдан бастап тексеру қорытындысы бойынша 526,3 мың гектар бойынша 515 заңсыз шешім анықталды, оның 135-інің күші жойылды, қалған 380 шешімнің күшін жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Мұрат Теміржанов.
Пайдаланылмаған жерлерді қайтару процесі бірнеше маңызды факторлармен қиындайды. Негізгілері - талап қою шағымдарының рәсімдері бойынша соттармен келіспеушіліктер, 2022 жылы енгізілген Кәсіпкерлік кодекстің жаңа талаптарына байланысты бұрын берілген нұсқамалар бойынша бақылау тексерулерін жүргізу мүмкін еместігі және Жер ресурстарын басқару комитетінің өңірлік бөлімшелерінде адам ресурстарының жетіспеушілігі.
Биыл жер иелерінің өз учаскелерін және жергілікті атқарушы органдарды ауыл шаруашылығы жерлерін берудің заңдылығы бойынша пайдалану жауапкершілігі күшейтілді. 2023 жылғы наурызда жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жер заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін белгілеу бөлігінде ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылданды.
2023 жылғы 8 қазаннан бастап 1 тамызда қабылданған жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры инфожүйесі шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары күшіне енеді. Сонымен қатар Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, оған сәйкес мемлекеттік жер инспекторларының саны артады.
Жер біздің басқа да табиғи ресурстарымыз сияқты Қазақстан Конституциясымен халыққа тиесілі деп айқындалған. Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мәселесі оларды мемлекеттік меншікке қайтару ғана емес, әрі қарай әділ бөлу болып табылады. Мемлекет басшысы "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясын дамытуды ынталандыру міндетін нақты атап өтті. Бірақ егер ауылдарда жайылымдық жерлер болмаса, онда қандай даму туралы айтуға болады? Жерлер бюрократиялық кедергілерге байланысты пайдаланылмай қалмауы тиіс, оны ел экономикасы үшін жұмыс істету керек. Бұл мәселені тезірек және әділ шешудің басқа тәсілдері мен тетіктерін әзірлеу қажет. Барлық көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтап, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізу қажет. Ал әкімдіктерге өнеркәсіп, цифрлық даму, ауыл шаруашылығы министрліктерінің үйлестіруімен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын толтыру және өңірлік геоақпараттық жүйелерді іске қосу жөніндегі жұмысты жеделдету керек", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ жұмыс барысын бақылауды күшейту мақсатында Комиссия отырыстарын тоқсанына бір рет емес, ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.09.2023, 17:42 18486
Ең жоғары жалақы 686 мың теңге жаңаөзендіктердің қалтасында, ең төмені жалақы Талдықорғанда
Салыстырмалы кестеден ең жоғары жалақы мен ең төменгі жалақының алшақтығы 3,2 есе екендігігін көруге болады
Достарға айту
Экономикалық зерттеу институтының мамандары жалақы бойынша қалалар рейтингін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалақы - қаланың басқа елді мекендерге қатысты тартымдылық элементтерінің бірі. Осыған орай ұлттық статбюро дерегіне сүйене отырып, Қазақстанның 26 қаласын қамтитын 2021-2022 жылғы көрсеткіштерді салыстырып, талдау жасалды. Сонымен қатар, жалақы қалалар бөлінісінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің көрсеткіштерімен салыстырылды" делінген институт таратқан мәліметте.
Салыстырмалы кестеден ең жоғары жалақы Жаңаөзенде - 686 744 теңге, ал Талдықорғанда ең төмен - 212 136 теңге болғаны байқалады. Алшақтық 3,2 есе.
Бір қызығы, ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша Жаңаөзен көшбасшы, бұл қалада өмір сүрудің жоғары құнын сипаттай алады (Жаңаөзен - 60 697 теңге, Түркістан - 31 211 теңге).
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (прожиточный минимум) ең төменгі қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардың белгіленген үлесіне ұлғайтылған азық-түлік себетінің құнынан қалыптасады.
Мысалы, азық-түлік себетінің құны халықтың әр түрлі жыныстық және жас топтары үшін азық-түлік себетіне кіретін азық-түлікті тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын орташа бөлшек сауда бағасына көбейту арқылы есептеледі.
Осылайша күнкөріс деңгейінің шамасын құрайтын азық-түлік себеті мен азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсалатын шығын елді мекенде "өмірдің қымбаттығын" көрсетуі мүмкін.
Өмірдің қымбаттығын" есепке алу үшін орташа жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне қанша рет сәйкес келетінін түсіну үшін қалалар бойынша күнкөріс деңгейі мен жалақыны салыстырдық. Ең көп жалақы Атырау, Сәтбаев, Жаңаөзен, Ақтау, Жезқазған және Балқаш қалаларында, сондай-ақ басқа да бірқатар моноқалаларда "өмірдің қымбаттығын" жабады. Айта кету керек, бұл қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі аз, ал халықтың көп бөлігі ресми түрде өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істейді. Ең аз жалақы Қызылорда қаласын қоспағанда, Қазақстанның бірқатар оңтүстік қалаларында "өмірдің қымбаттығын" жабады. Бір қызығы, Астана мен Алматы тізім көшбасшылары емес. Сондай-ақ, аутсайдер - Шымкент мегаполисі, бұл жасырын "көлеңкелі экономика" мен есепке алынбаған кірісті жанама түрде көрсетуі мүмкін" дейді институт маманы Азамат Сәменов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.09.2023, 17:29 18911
Журналистерге жасалған шабуыл: Клебановтың соты жабық өтеді
Бұл туралы жәбірленуші тарап өтініш білдірген
Достарға айту
Жәбірленушілердің өтінішімен журналистерге шабуыл жасау ісі бойынша Аркадий Клебановқа қатысты сот жабық өтеді, деп хабарлайды Sputnik.kz Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
20 қыркүйекте Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.Клебановқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы тергеушінің қаулысын қарау бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Бірқатар жәбірленуші сот отырысын жабық өткізу туралы өтініш білдірген.
Сот аталған тұлғалардың және олардың отбасы мүшелерінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді жария етуге жол бермеу қажеттілігін ескеріп, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес, аталған өтінішхатты қанағаттандырды. Одан әрі сот отырысы жабық өтеді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін қазақстандық журналистерге шабуыл жасады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталған болатын. ІІМ қылмыстық істің басты фигуранттарының бірі Аркадий Клебанов Алматыда тұтқындалғанын мәлімдеді.
Күдіктіге Қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабы (115-бап - "Қауіп-қатер", 147-бап - "Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу", 158-бап - "Журналистік қызметке кедергі жасау", 202-бап - "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" және 293-бап - "Бұзақылық") бойынша айып тағылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.09.2023, 17:26 19046
Келер жылы шегірткенің таралуының алдын алу үкіметтің назарында
Шегірткенің таралуына қарсы күреске дайындықты көктемде кеш болмас үшін қазір бастау керек
Достарға айту
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында Үкіметтің ауыл шаруашылығы және қаржы блоктарының, әкімдіктер өкілдері келесі жылы шегірткенің таралуын болдырмауға арналған дайындық жұмыстарының жағдайын талқылады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының деректері бойынша 2023-2024 жылдар шегірткелердің таралу циклінің 11 жылдық шарықтау шегі болмақ. Соңғы рет кері динамиканың өсуі 2014 жылы байқалды. Одан кейін зиянкестердің таралу аумағы үздіксіз азайғанмен, 2021 жылдан бері қарай қайтадан ұлғая бастады. 2024 жылы 2,5 млн гектар алқапқа шегіртке шоғыры таралуы мүмкін деген болжам бар. Бұл 2023 жылға қарағанда (1,6 млн га) 1,5 есе көп. Шегірткелер шоғыры Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында көп таралады деп күтілуде.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің мәліметінше, 2024 жылға бөлінген 4,2 млрд теңге қаржы жобаланған жер көлемінің жартысын ғана өңдеуге жетеді. Шегіртке зиянкестерінің таралу алаңының болжамды көлеміне өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бүріккіш техниканың санын арттыру қажет болады. Пестицидтердің қолда бар қорынан бөлек қосымша қаржы бөлінуі керек.
Шегірткенің таралуына қарсы күреске дайындықты көктемде кеш болмас үшін қазір бастау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізіп, шегірткеге қарсы іс-шараларды атқаруға тыңғылықты дайындықты қамтамасыз етуі қажет. Ал Қаржы министрлігі мен әкімдіктер шегірткеден қорғану шараларын ұйымдастыру үшін қосымша қаржы бөлуі керек", - деп қорытындылады сөзін Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.09.2023, 17:09 19191
Қазақстан мен Сингапур арадағы экономикалық байланысты нығайтуға ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сингапурлық "Surbana Jurong Group" компаниясының бас директоры Шон Чао мырзамен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында электр энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, көлік инфрақұрылымы, сумен жабдықтау саласындағы ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Ерұлан Жамаубаев 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 65,1%-ға өсіп, $1,9 млрд-қа жеткенін атап өтті. Қазақстан экономикасына сингапурлық капитал инвестициясының тұрақты өсімі байқалады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында $92,2 млн жиналды. Ал жалпы 20 жылдан аз уақыт ішінде Сингапурдан $1,2 млрд тартылды.
Сондай-ақ ол бүгінде Қазақстанда сингапурлық капиталдың қатысуымен 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.
Біз Орталық Азиядағы инвестициялық көшбасшы болып қалу үшін шетелдік инвестициялардың ағынын қолдауға қажетті барлық мүмкін шараларды қабылдаймыз", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Сонымен қатар вице-премьер Сингапурдың Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы негізгі серіктес ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Шон Чао Қазақстан мен Сингапур аймақтарын түрлі салалардағы көп жылдық тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын, оны кеңейту үшін жеткілікті әлеует бар екенін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.09.2023, 17:02 19431
Братиславада қазақ киносы күндері өтіп жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Словакия астанасында Қазақстан Елшілігі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы және словакиялық серіктестермен бірлесіп ұйымдастырған Қазақ киносы күндерінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Gov.kz.
Фильмдердің көрсетілімі биыл 110 жылдығын атап өтіп жатқан және Шығыс Еуропадағы алғашқы кинотеатрлардың бірінде - аты аңызға айналған "Mladosť" кинотеатрында өтуде. Көрермендерге режиссер Ақан Сатаев түсірген "Томирис" және "Жаужүрек мың бала" тарихи фильмдері, сондай-ақ режиссер Рүстем Әбдірашевтың "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" және "Қазақ хандығы. Алтын тақ" дилогиясы көрсетілуде. Заманауи қазақ киносының жауһарлары словак жұртшылығын қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы қаһармандық күресінің тарихымен таныстыруды көздейді.
Братиславадағы кинопремьерадан кейін қазақстандық фильмдер Словакияның басқа да бірқатар аймақтарында көрсетілетін болады. Мәдени шара Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы тарихында алғаш рет өткізіліп отыр және Қазақстан Республикасы күні қарсаңында ұлттық мәдениетті насихаттауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
21.09.2023, 11:36Қазақстанда 2022 жылдың басынан бастап мемлекетке 8,3 млн га жер қайтарылды 21.09.2023, 11:47 1946Қазақстанда монополист компания мұнай тасымалдау тарифін 30 есеге арттырған21.09.2023, 11:54 201Тараздағы мектепте шыққан өрттен бас сауғалап, үшінші қабаттан секірген екі қыздың омыртқалары сынған21.09.2023, 13:12 196Жамбыл облысында таңқурайға бөлінген субсидияны жымқыру фактісі бойынша іс сотқа берілді21.09.2023, 13:20 Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы ҚР жаңа заңы адал инвесторларға әсер етпейді106Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы ҚР жаңа заңы адал инвесторларға әсер етпейді
15.09.2023, 18:02 666712023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады15.09.2023, 17:55 64646Елімізде кейбір санаттағы отандастарымыз үшін пойыз билеттеріне жеңілдік жасалу жоспарлануда15.09.2023, 17:48 64471Жемқорлардың тізімі жарияланады15.09.2023, 17:32 63851Ақтаудағы жаңа Оқушылар сарайы ашылды16.09.2023, 12:57 50156Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
25.08.2023, 19:15 96991Алматыда бірқатар мектептер мен балабақшаларға 2023 жылдың соңына дейін қауіпсіздік жүйесі енгізіледі25.08.2023, 19:36 94101Шавкат Мирзиёевтің қызы Өзбекстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды26.08.2023, 12:58 74831Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды26.08.2023, 13:08 74556Өзгені құтқарам деп қайтыс болған он төрт жасар жасөспірім марапатталды26.08.2023, 12:56 74306Алматыда 40 шетелдік азамат елден шығарылды