30.11.2023, 12:56 31401

Премьер-Министр Алматыдағы өртте қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты

Барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Алматыда адамдардың өліміне әкеп соққан қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан Республикасының Үкіметі орын алған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды, кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілеймін", деп айтылған хабарламада.


Үкімет басшысының хабарлауынша, барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны