18.10.2006, 10:09 2956

Премьер -министр үкіметтің резервінен елімізде АЭС құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау мақсатында қаражат бөлуді тапсырды

АСТАНА. 17 қазан. Kazakhstan Today. Үкімет үйінде премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен елімізде атом энергетикасын дамыту және ядролық технология паркінің құрылысы мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады ҚР үкіметінің баспасөз қызметінен.

Үкімет басшысына Қазақстанда атом энергетикасын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынылды. Қазірдің өзінде облыстар, аймақтар, ірі қалалар және республика бойынша энергияны тұтыну деңгейіне болжам жасалып, саланы мамандармен қамтамасыз ету жөнінде бағдарлама, 2030 жылға дейінгі алдын ала энергетикалық баланс әзірленді. Сарапшылардың пікірінше, Ұлттық ядролық орталықтың ядролық реакторлар зерттеулерін жаңартып, жаңа ядролық зертханалар ашу керек.

Сондай-ақ, премьер-министр бірінші кезектегі бірқатар іс-шаралардың орындалу мерзімінің сақталмағанына тоқталды. Нақтырақт айтқанда, елдегі атом электр станциясы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленбеген, ядролық технология паркі құрылысына бөлінген қаражат игерілмеген, сондай-ақ жоспардың өзге де бірқатар тармақтарының жүзеге асырылмауы үкімет басшысының сынына ілікті.

Даниал Ахметов есепті тыңдай келе, Атом электр станциясының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін үкіметтің резервінен қаржы бөлуге тапсырма берді. Ядролық технология паркін дамыту үшін бөлінген қаржының игерілмеуне байланысты қаржыны қысқартуды жүктеді.

Премьер-министр экологиялық қауіпсіздік, атом-электр станциясын пайдалану, құрылысты мамандармен қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығына назар аударып, жалпы атом энергетикасы үшін мамандар дайындау қажеттігіне тоқталды. Білім және ғылым министрлігіне ядролық технология саласына маманданатын кемінде 20 адамды "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына жіберу туралы мәселені қарастыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны