29.09.2016, 13:55 3787

Премьер-Министр ЭКСПО-2017 көрме нысандарыныӊ мерзімінде пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерініӊ қатысуымен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияныӊ отырысын өткізді.

Астана.29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерініӊ қатысуымен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияныӊ отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдіӊ ресми сайты.

Отырысқа қатысушылар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне әзірлік бойынша жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардыӊ жұмыс штабтарыныӊ жұмыс барысын қарастырды. Көрмені насихаттау, волонтерлік қызмет, туристік пакеттер әзірлеу, Астанадағы нысандардыӊ көрмеге келушілерді қабылдау дайындығы, астаналық әуежай терминалыныӊ құрылысы, қонақ үйлер қорыныӊ әзірлігі және логистика мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр жауапты мемлекеттік органдарға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысын бақылауға алуды және көрме нысандарыныӊ мерзімінде пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны