13.10.2006, 08:28 2639

Премьер-министр елдің телекоммуникация саласын ырықтандыру туралы ұсынысты бір аптада енгізуді тапсырды

АСТАНА. 12 қазан. Kazakhstan Today. Үкіметте өткен отырыста премьер министр Даниал Ахметов мемлекеттік органдарға "Қазақтелеком" АҚ қызметіне сараптама жүргізіп , халықаралық консалингтік компаниялармен бірлесе отырып бір апта ішінде елдің телекоммуникация саласында бәсекелестік орта құру туралы ұсыныстарын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Қазақтелекомды" қайта құру мәселесіне тоқталған премьер министр , "бүгінде компания өзінің монополистік жағдайын пайдаланып отыр, ол бәсекелестік орта қалыптастыруға мүдделі емес",-деп мәлімдеді.

Кеңеске қатысушылардың пікірінше, бәсекелестік секторға енуге "Қазақтелекомның" өзі рұқсат беретін қазіргі жүйені өзгерту қажет.

Отырыс барысында ұялы байланыс операторлары тарифін белгілеу мәселесі бойынша бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің есебі тыңдалды.

Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, "ұялы байланыс компанияларының бірінің қаржылық жұмысына жасалған талдау , оның таза кірісі 2004 жылы 492 млрд. теңге құрағанын көрсетті, бұл 102% рентабельділікті білдіреді. Ал 2005 жылы рентабельділік көрсеткіш 120 % құраған. Салыстыру үшін айтсақ, ресейлік ұялы компанияның рентабельділік деңгейі 20 пайыздан 29% дейінгі көрсеткішті құрайды".

Ұялы байланыс операторлары қызметіндегі тарифті белгілеу, аумақты жабу міндеттемесі және байланыс сапасы бөлігінде лицензия талаптарына байланысты көптеген тәртіп бұзушылықтар байқалған.

Д. Ахметов кейбір ведомстволарын интернетті кеңінен қолдану жобасын іске асыру мерзімін созғандығы үшін сынады. Ол Қазақстанда байланыс жүйесін кеңінен қолдану ақпараттық теңсіздікті жоюға, Интернетке жеке адамдар мен қоғамның қол жеткізуді дамытуға қалада ғана емес, еліміздің алыс аудандарында да мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Кеңес соңында премьер-министр қаралған проблемалар туралы кезекті үкімет кеңесінде қорытынды шешім қабылдау үшін оны жою жолдарын көрсететін өз ұсыныстарын бір апта ішінде беруді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны