08.07.2016, 15:56 4970

Премьер-Министр еліміздіӊ әуежайларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбектіӊ айтуынша, бүгінгі таӊда Қазақстанда 20 әуежай тұрақты рейстерді қабылдайды.

Астана. 8 шілде. Kazakhstan Today - Кәрім Мәсімов еліміздіӊ әуежайларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын соӊына дейін жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ыстамбұл әуежайында жақында теракт болғанын білеміз, сондықтан біз қазіргі сәтте қауіпсіздік мәселесіне баса мән берудеміз... Қазір Президенттіӊ тапсырмасы бойынша облыстарды аралағанда әуежайлардағы қауіпсіздікті нақты көруге тырысамын. Бәрі ойдағыдай тәрізді, бірақ мәселелер бар. Оныӊ бәрін соӊына дейін жеткізіп, ресурстар бөлу қажет. Елбасы тапсырғандай, барлық мәселені түбегейлі шешу қажет", - деп атап өтті Үкімет отырысында Премьер-Министр, деп хабарлайды Pm.kz тілшісі.

Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбектіӊ айтуынша, бүгінгі таӊда Қазақстанда 20 әуежай тұрақты рейстерді қабылдайды.

"Біз мәселені айрықша бақылауда ұстап отырмыз. Сіздіӊ тапсырмаӊыз бойынша барлық әуежайларға барлық күнделікті тексеру желілерін күшейтуге нұсқау бердік. Қазір барлық әуежайларда бастапқы тексеру желісі бар. Иуежайлардыӊ бүкіл төӊірегіндегі қауіпсіздік шараларын Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып күшейттік. Күш құрылымдарымен бірге бірнеше кеӊес өткізіп, барлық әуежайлардыӊ қосымша тексеру, бейнебақылау құрылғыларына қажеттілігін анықтадық. Бұл ұсынысты Қаржы министрлігіне жібердік, апта ішінде ұсынысты сіздіӊ қарауыӊызға енгіземіз", - деді министр.

Еске салайық, аймақтарға жұмыс сапары кезінде Кәрім Мәсімов Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстарындағы әуежайларды жеке тексерген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны