01.10.2008, 10:19 1585

Премьер-министр ENRC PLC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дэвид Куксимен кездесті

Премьер-министр ENRC PLC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дэвид Куксимен кездесті

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов ENRC PLC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дэвид Куксимен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар операциялық қызмет мәселесін, сондай-ақ компанияның Қазақстандағы инвестициялық бағдарламасын талқылады.

"Біз, Қазақстан үкіметімен ынтымақтастыққа сенім артамыз және өз тарапымыздан Қазақстан аумағында барлық жобалар жүзеге асуы үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз және барлық мүмкіндікті саламыз" деп сендірді Д. Кукси.

Премьер-министр компанияны дамыту жоспарына қолдау білдірді, сондай-ақ жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін компания басшылығын ҚР үкіметімен тығыз ынтымақтастыққа шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны