08.08.2016, 16:47 4159

Премьер-Министр Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудыӊ өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады

Кәрім Мәсімов Атыраудағы балық шаруашылығы кәсіпорындарыныӊ басшыларымен кездесіп, еліміздегі балық шаруашылығыныӊ даму перспективаларын талқылады

Атырау. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Кәрім Мәсімов Атыраудағы балық шаруашылығы кәсіпорындарыныӊ басшыларымен кездесіп, еліміздегі балық шаруашылығыныӊ даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Негізгі мәселелер ретінде, атап айтқанда, Жайық және Қиғаш өзендерініӊ табанын тереӊдету бойынша тазарту жұмыстарыныӊ тоқтатылуы себебінен балықтардыӊ бағалы тұқымдарыныӊ жойылып кету қатері, браконьерлікпен күресу және балық инспекциясы қызметкерлерініӊ материалдық-техникалық жарақталуыныӊ төмендігі мәселелері көтерілді, деп хабарлайды pm.kz тілшісі.

Кеӊес барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев, қаржы вице-министрі Р.Дәленов, "Жайық-Атырау" бекіре балығын өсіру зауытыныӊ директоры Ғ.Сәрсемалиев, балық шаруашылығыныӊ ардагері Б.Сүлейменов сөз сөйледі.

Еліміздегі балық шаруашылығыныӊ негізін су қоймаларыныӊ балық шаруашылығы қоры құрайды, оған Каспий және Арал теӊіздерініӊ, Балқаш, Зайсан көлдерініӊ, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара су қоймаларыныӊ, Алакөл көлдер жүйесініӊ акваториялары және жалпы аумағы 3 млн га асатын басқа да су қоймалары кіреді. Мұнда 70-тен астам балық түрлері мекендейді, олардыӊ ішінде коммерциялық тұрғыдан аса бағалы балықтар - бекіре тұқымдастары, көксерке, сазан, ақ амур, дөӊмаӊдай балығы және басқалары бар.

"Агробизнес-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында балықты тауарлық өндірудіӊ жыл сайынғы деӊгейін 2020 жылға қарай 35 мыӊ тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

ҚР АШМ бұйрығымен 2016 жылға балық және басқа да су жануарларын аулау лимиті 61,2 мыӊ тонна көлемінде белгіленді. Биылғы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында ауланған балық көлемі 16 мыӊ тоннаны құрады.

Анықтама үшін:

Қазіргі кезде бағалы балық түрлерініӊ шабақтарын жасанды түрде өсірумен және оларды табиғи мекендеу ортасына жіберумен 7 республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: Атырау бекіре балығы зауыты, Орал-Атырау бекіре балығы зауыты, Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы, Қамшылыбас балық тәлімбағы, Петропавл балық тәлімбағы, Майбалық балық тәлімбағы, Қазақ өндірістік жерсіндіру стансасы айналысады. Аталған кәсіпорындар 2015 жылы балық шаруашылығы су қоймаларына 168,4 млн астам бағалы балық тұқымдастарыныӊ шабақтарын өсіріп, жіберген.

Қазіргі кезде Үкімет бәсекелестік ортаға бірнеше балық шаруашылығы зауыттарын беру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Атап айтқанда, Майбалық және Петропавл балық тәлімбағы, Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы және Қазақ өндірістік жерсіндіру стансасы жекешелендіруге жататын мемлекеттік жеке меншік ұйымдар тізіміне енгізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны