19.03.2013, 15:23 3336

Премьер-Министр Көлік және коммуникациялар министрлігіне қызметтерді пайдаланушылар санын арттыру жоспарын жасауды тапсырды

Өз алдына Көлік және коммуникациялар министрлігінің басшысы бүгінгі таңда "е-үкіметі" пайдаланушыларын арттыру бойынша жоспарлар бар екенін және жақын арада Үкіметке ұсынылатынын айтты.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиевке "электрондық үкімет" қызметтерін пайдаланушылар санын арттыру жоспарын жасап, оны Үкіметке ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сіз үлкен цифрлар келтірдіңіз, бұл көп пе, аз ба? Ересек халықты алып қарайық, 8,5 миллион адам жұмыс жасайды, егер олар жылына кем дегенде 2-3 қызметті пайдаланатын болса, мұның өзі шамамен 30 миллион қызмет, яғни халықтың басым бөлігі тек ХҚО-ның қызметтерін ғана пайдаланады. Халықтың жарты бөлігі. Бұл алшақтықты жоюға қалай дұрыс қол жеткізуге болады, біз қызмет көрсетуге жағдай жасауға бара жатырмыз. Халықтың айтарлықтай бөлігі оларды пайдалану үшін не істеу керек. Білім министрімен бірігіп мұны қалай жоспарлау керектігін түсінулерің керек. Сіздер алға тым төмен көрсеткіштер 2012 жылы компьютерлік сауаттылықтың 80% жету қоясыздар",- деп атап өтті Серік Ахметов.

Өз алдына Көлік және коммуникациялар министрлігінің басшысы бүгінгі таңда "е-үкіметі" пайдаланушыларын арттыру бойынша жоспарлар бар екенін және жақын арада Үкіметке ұсынылатынын айтты.

"Біз мектептерде, мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда оқытуды қарастырамыз. Жоспарлар бар. Оларды Үкіметке келісуге ұсынамын", - деді А.Жұмағалиев.

"Жоспарларды ұсыныңдар. Осы мәселені қарастырайық", - деп тапсырды С.Ахметов.

Айта кету керек, ККМ мәліметінше, өткен жылы ХҚО-ры арқылы 15 миллион қызмет көрсетілген, бұл 2011 жылға қарағанда 31%-ға артық. Электрондық үкімет арқылы 10,7 млн қызмет көрсетіліп, бұл 2011 жылға қарағанда 28 пайызға артық.

Сонымен қатар, қызмет көрсету нәтижесінде БҰҰ бағалау бойынша Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойнша 38-орында, электрондық қатысу бойынша 2-орында және онлайн қызметтер бойынша 14-орында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны