04.10.2007, 17:50 3038

Премьер-министр ҚР президентіне нан бағасын тұрақтандыруға қатысты шаралар туралы баяндады

Премьер-министр ҚР президентіне нан бағасын тұрақтандыруға қатысты шаралар туралы баяндады

Астана. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-Министр Президентке нан нарығында қалыптасқан ахуал мен Үкіметтің бағаны тұрақтандыру бойынша қабылдаған шаралары жөнінде баяндады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Премьер-Министр Президентке нан нарығында қалыптасқан ахуал мен Үкіметтің бағаны тұрақтандыру бойынша қабылдаған шаралары, сондай-ақ елдің жылжымайтын мүлік нарығындағы ағымдағы жағдай жөнінде баяндады",- деп айтылған баспасөз қызметінің бейсенбіде таратқан хабарламасында.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Виктор Зубков бастаған ресейлік делегациямен жүргізілген жұмыс бабындағы келіссөздер туралы және екі мемлекет басшыларының қатысуымен Новосибирскде өтетін шекаралас өңірлердің IV форумына бірлескен әзірлік жөнінде баяндап берді.

Сондай-ақ кездесу барысында "Қазақстан-2030" Стратегиясы: бірінші 10 жылдық қорытындылары және келешегі" халықаралық конференциясына әзірлік пен өткізу жөніндегі мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны