02.07.2013, 13:01 2909

Премьер-Министр С.Ахметовтің қатысуымен "Астана-Теміртау" автожолы құрылысы іске қосылды

Автожол саласындағы басымдықты жобалардың жүзеге асуы барысы туралы баяндаған, ҚР көлік және коммуникациялар министрі А.Жұмағалиев, 178 шақырымдық "Астана-Теміртау" жолы құрылысын 2016 жылы аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Министрдің хабарлауынша, одан әрі, бұл бағытта Қарағандыдан Алматыға дейін жол салу көзделіп, оны 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Премьер-Министр С.Ахметовтің қатысуымен "Астана-Теміртау" автожолы құрылысы іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен "Астана-Теміртау" автожолы құрылысы бойынша жоба іске қосылды.

Автожол саласындағы басымдықты жобалардың жүзеге асуы барысы туралы баяндаған, ҚР көлік және коммуникациялар министрі А.Жұмағалиев, 178 шақырымдық "Астана-Теміртау" жолы құрылысын 2016 жылы аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Министрдің хабарлауынша, одан әрі, бұл бағытта Қарағандыдан Алматыға дейін жол салу көзделіп, оны 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Брифинг барысында Үкімет басшысы көлік секторының экономикалық өсімге негіз салатын локомотивтердің бірі екенін атап айтты. "Біздің еліміздің көлік әлеуеті өте жоғары, сондықтан Үкімет көлік инфрақұрылымдарын дамытуға айрықша көңіл бөледі", - деді С.Ахметов.

"Жылдан жылға темір және автожолдар құрылыстарын қаржыландыру артып келеді. Тек, биылдың өзінде 2 мыңнан астам шақырым жергілікті жолдар жөнделіп, "Астана-Қостанай-Челябі" бағытындағы халықаралық жолды жаңғырту аяқталатын болады, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" мегажобасы құрылысы толық қуатында жүругізілуде", - деп атап айтты С.Ахметов.

Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл "Орталық-Оңтүстік", "Орталық-Шығыс", "Орталық-Батыс" автожол бағыттарын дамыту шеңберінде тағы үш жобаның құрылыстары басталатынын, бұл "Астана-Теміртау", "Астана-Павлодар", Атырау бағытындағы "Астана-Батыс" күре жолдары екенін, сонымен қатар, биыл "Алматы-Қапшағай" ірі жобасын жүзеге асыру қолға алынатынын хабарлады.

С.Ахметовтің айтуынша, жаңа жолдар елорданы Қазақстанның аймақтары орталықтарымен байланыстырып қана қоймай туристік кластерді дамытудың "локомотиві" болып, қалалардың экономикалық байланыстарын нығайтады.

"Бұл жолдардың құрылыстары ең озық технологиялар бойынша жүргізілетін болады. Біз қалыңдығы 30 сантиметр болатын бетон жол жабындыларына көшеміз. Жолдар еуропалық сапа стандарттарына сәйкестендіріледі", - деген С.Ахметов, қазіргі заманғы автокөлік жолдарының Қазақстан үшін экономикамен қатар, әлеуметтік дамуды да қамтитын үлкен маңызға ие екенін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны