12.04.2012, 16:22 3316

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы облысында жұмыс сапарымен жүр

Бірінші вице-премьер бүгін сондай-ақ өңірдегі ТКЖ жаңғырту бағдарламасының іске асырылу барысын тексереді және бірқатар энергетикалық кешен нысандарын аралайды.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша оның бірінші орынбасары Серік Ахметов екікүндік сапармен Алматы облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін С.Ахметов бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарлануда.

Бірінші вице-премьер бүгін сондай-ақ өңірдегі ТКЖ жаңғырту бағдарламасының іске асырылу барысын тексереді және бірқатар энергетикалық кешен нысандарын аралайды.

Ал ертең, 13 сәуірде С.Ахметов "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мен "Қорғас - Шығыс қақпа" арнайы экономикалық аумағының құрылыс барысымен танысады. Бірінші вице-премьер сондай-ақ, Нұркент кентіндегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылыстарын тексереді, "Жетіген-Қорғас" теміржол магистралінің ірі көлік-логистикалық торабы болып табылатын Алтынкөл стансасының нысандарын аралайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны