09.01.2009, 17:52 3090

Президент Астана және Алматы митрополиті Мефодийді қабылдады

Президент Астана және Алматы митрополиті Мефодийді қабылдады

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы резиденциясында Астана және Алматы митрополиті Мефодийді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында митрополит барлық діни жамағаттың атынан Мемлекет басшысына Православ шіркеуіне көңіл бөліп отырғаны, Рождество жарқын мейрамымен құттықтағаны үшін алғысын білдірді. Митрополиттік округ басшысы Президентке өзінің әр жылдары Қазақстанға қоныстанған адамдардың тағдыры туралы баяндайтын кітабын табыс етті.

"Бұл кітап - қиын жылдары көптеген ұлттардың өкілдеріне көмек қолын созған қазақ халқына көрсетілген тағзым. Қазақстан достық пен ұлтаралық келісімнің жарқын үлгісі болып табылады. Сондықтан да, бүгінгі кездесуде еліміздің барлық адамдарының игілігі үшін қалай жақсы және қайырымды жасампаздық іс атқаруға болатыны жайы да әңгіме болды", - деді Астана және Алматы митрополиті Мефодий.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны