08.06.2023, 15:16 14176

Президент БҰҰ Өңірлік орталығын құруды ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты еңсеруге белсенді қатысып келе жатқандығын баса айтты
Президент БҰҰ Өңірлік орталығын құруды ұсынды
Сурет: telegram/Aqorda

Қазақстан жаһандық және өңірлік серіктестерімен достық қатынасты ұстануға бар күш-жігерін салады", деп мәлім етті Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.


«Біздің еліміз барлық уақытта бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолында бар күшін салады. Біз ядролық қарусыздануды қолдаймыз және ядролық қаруды таратпау туралы келісімді ұстанамыз. Біздің еліміз Сирия дағдарысын шешу үшін Астана бейбіт үдерісіне бастамашы болды. Елордамыз әлемдік діндер көшбасшыларының съездерін өткізетін тұрақты орынға айналды. Штаб-пәтері Астанада орналасқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өңірлік және жаһандық проблемаларды шешудің беделді тетігіне айналды», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты еңсеруге белсенді қатысып келе жатқандығын баса айтты.

«БҰҰ қамқорлығымен ауған халқына жан-жақты көмек көрсетуді одан әрі арттыру қажеттігін атап өткім келеді. Бұл тұрғыда Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру маңызды. Қазақстан жаһандық және өңірлік серіктестерімен достық қатынасты ұстануға бар күш-жігерін салады. Және де біз Орталық Азиядағы бауырлас елдермен өңірлік ынтымақтастықты арттыруға ниеттіміз», - деді Мемлекет басшысы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны