09.04.2010, 17:19 3690

Президент бірқатар заңдарға қол қойды

Президент бірқатар заңдарға қол қойды

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы", "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы", "Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырудың негізгі ережелерін айқындайды, олардың негізінде кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттары қалыптастырылады.

Бүгін сонымен қатар Елбасы "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға да қол қойды.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Келісім кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағына әкелінетін тауарлардың және осы аумақтан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібінің негізгі ережелерін айқындайды, оған сәйкес кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттары әзірленеді.

Президент қол қойған тағы бір заң - "Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы".

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған бұл келісім 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісімнің 1-бабын іске асыруға бағытталған.

Бұл ретте, келісімнің 1-бабы тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағында дамушы және аз дамыған елдерден шығарылған тауарларға қатысты осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайтын қосымшаға сәйкес дамушы және аз дамыған елдерден шыққан тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі қолданылатындығын белгілейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны