23.04.2007, 12:53 3364

Президент экологиялық зиянның алдын алу мақсатында Алматыдағы құрылысқа тыйым салуды ұсынуда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен сенбіде Алматыдағы құрылысқа тыйым салуға ұсыныс жасады, себебі экологиялық жүйе мен инфрақұрылым қала ішінде қарқынды жүргізіліп жатқан құрылысқа және автокөліктердің көбейуін көтермейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Алматыдағы сарайында Қазақстанның ірі бизнес өкілдерімен кездескен елбасы "Біз осы қаладағы жасыл желекті газбен уландырамыз... тауды да жоғалтамыз",-деп ескертті. Президент өзіне, қандай да бір нысандарды бұзып, орнына жаңа кешен, тұрғын үй, кеңсе және басқа да құрылыс нысандарын салу туралы көптеген ұсыныстар түсіп жатқанын хабарлады. Тіпті, "университеттерді...


АЛМАТЫ. 23-сәуір. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен сенбіде Алматыдағы құрылысқа тыйым салуға ұсыныс жасады, себебі экологиялық жүйе мен инфрақұрылым қала ішінде қарқынды жүргізіліп жатқан құрылысқа және автокөліктердің көбейуін көтермейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыдағы сарайында Қазақстанның ірі бизнес өкілдерімен кездескен елбасы "Біз осы қаладағы жасыл желекті газбен уландырамыз... тауды да жоғалтамыз",-деп ескертті.

Президент өзіне, қандай да бір нысандарды бұзып, орнына жаңа кешен, тұрғын үй, кеңсе және басқа да құрылыс нысандарын салу туралы көптеген ұсыныстар түсіп жатқанын хабарлады. Тіпті, "университеттерді, "Қазақфильм", әскери институтты, госпитальді және т.б. басқа жаққа ауыстыруды сұрап жатқандар бар",- деді ол.

Елбасының пікірінше, қазір жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыстан 400 мың тұрғынға есептелген қала құрдымға кетеді. "Мен сіздерге шындықты айтып отырмын",- деп атап өтті Н. Назарбаев кәсіпкерлерге.

Дәл осындай жағдай Алматы жолдарына да қатысты, ол да ағылып жатқан автокөліктер санына есептелмеген. "400 мың адамға шақталып салынған жолдарда, меніңше бір жарым миллион машина жүреді",- деді елбасы.

Н.Назарбаев сөзін қортындылай келе: "Менің айтайын дегенім, Алматы ішіндегі құрылысқа тыйым салып, қала сыртында құрылыс нысандарын салуға рұқсат беру керек",- деді. "Ауасы таза жерде тұрып, қалаға жұмысқа келсін",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны