06.07.2006, 09:55 2360

Президент Йорк герцогы Эндрю ханзаданы қабылдады

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жоғары мәртебелі Йорк герцогы Эндрю ханзаданы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

- Бұл менің Қазақстанға Ұлыбританияның инвестиция және сауда мәселелері бойынша арнайы өкілі ретінде екінші рет келуім. Ұлыбритания мен Қазақстан елдері мен соңғы екі күнде аралап көрген мұнай-газ секторында тығыз экономикалық қарым-қатынас орнатып отыр. Осында жасаған соңғы сапарымнан бергі үш жылда Қазақстанда болған өзгерістер мені өте қызықтырды. Мен қазақстандықтарды жеткен жетістіктерімен құттықтағым келеді. Ұлыбритания бұдан әрі де Қазақстанның бизнестегі әріптесі болып қала береді. Менің Қазақстан президентімен кездесуім өте сәтті болды. Мен сапарымның жалғасын тағатсыздана күтемін әрі бірнеше тамаша күндерімді Астанада өткіземін деп үміттенемін, - деді Йорк герцогы Эндрю ханзада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны