14.07.2009, 14:05 2517

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы тауарлардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеу және беру функциясын уәкілетті мемлекеттік органнан сауда-өнеркәсіптік палаталарға беруге бағытталады.

Осы заң жобасы сыртқы сауда саласындағы мемлекеттік реттеу аясын тарылту қажеттілігіне байланысты әзірленген. Аталған саланы тарылту қажеттілігі Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруінен, сауда-өперкәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы біріздендіру мен үйлестіруден туындап отыр.

Осы заң жобасының мақсаты тауардың шығарылуы туралы сертификатты уәкілетті мемлекеттік органнан Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасына беру жөніндегі функцияларды беру болып табылады.

"Техникалық реттеу туралы" заңға және Кеден кодекстеріне өзгерістер енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны