05.04.2010, 09:59 1985

Президент Қазақстандағы христиандарды Пасха мейрамымен құттықтады

Президент Қазақстандағы христиандарды Пасха мейрамымен құттықтады

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Президент сенбі күні Қазақстандағы христиандарды Пасха мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құттықтауда былай делінген:

"Сіздерді Пасха мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

"Бұл - махаббат пен мейірім, түсіністік пен кешірім тәрізді адами асыл қасиеттерді паш ететін жарқын мереке.

Көп ұлттың және әрқилы конфессияның өкілдері мекен еткен Қазақстанда дінаралық өзара сыйластықтың игі дәстүрлері орнықты. Бұл біздің халқымыздың кеңпейілділігі мен кемеңгерлігінің арқасында, сонымен бірге мемлекетіміздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, түрлі діни конфессиялар мен мемлекеттер арасындағы жемісті сұхбатты қолдауға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде мүмкін болды.

Бүгінде елімізде бейбітшілік пен тыныштық орнап отыр. Біз болашаққа батыл көз тігіп, гүлдену мен өркендеу үстіндегі жасампаз Қазақстанды құрудамыз. Бізде мешіттер мен шіркеулер, костелдер мен синагогалар қатар бой көтеруде. Елордамыз әлемдік діндердің диалогы өтетін танымал орталыққа айналды. Жақында Астанада Орталық Азиядағы ең ірі кафедралы собор ашылды. Оның ашылу салтанатына өзінің Қазақстанға жасаған бірінші сапары барысында Мәскеу және күллі Ресей Патриархы Кирилл келіп қатысты.

Қымбатты қазақстандықтар!

Бұл күн біздің әр шаңырағымызға жарқын үміт пен шынайы шаттық әкеледі. Бұл тек туған-туысқа ғана емес, қайырым мен көмекке мұқтаж жанның баршасына қамқорлық көрсетіп, мейір-шапағат төгетін мезгіл. Ендеше бір-бірімізге мейірімді де қайырымды болайық! Ирқайсымыздың жүрегіміздегі, отбасымыздағы, ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісімді одан әрі де нығайта түсейік!

Баршаңызға, қымбатты менің отандастарым, бақыт пен денсаулық, игілік пен береке тілеймін!",- деді Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны