07.05.2010, 14:39 3472

Президент қазақстандық ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтады

Президент қазақстандық ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтады

Астана. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада бірқатар соғыс ардагерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау рәсімінде оларды Жеңіс мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін Қазақстанның көптеген қалалары, облыстары мен ауылдарында соғыс ардагерлерін ұлықтау рәсімдері өткізіліп жатыр. Ресей басшылығының шақырауымен мен Мәскеуде өтетін парадқа қатысамын, оған көптеген мемлекет басшылары келеді. Сол себепті 9 мамыр күні сіздермен бірге бола алмайтыным үшін ғафу өтінемін. Бүгін мен Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлерін құттықтаймын!",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Ардақты ардагерлер, сардарлар мен сарбаздар! Бүгін біздің елімізде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы келе жатыр. Осы қос мерекемен сіздерді құттықтаймын", деді президент мемлекеттік наградалармен марапатталғандарға қаратып айтқан сөзінде.

"Менің жарлығыммен осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылған болатын. Біз тәуелсіздігіміздің таңы жаңадан атып келе жатқан кезде ұлттық армиямызды жасақтадық. Содан бері осы күнге дейін екі мейрам дәстүрге айналды. Мен бүгін мереке күніне орай елімізге еңбегі сіңген адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттауды жөн көрдім. Жоғары марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын", деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, жарлыққа сәйкес мемлекеттік наградаларға 356 адам лайықты деп танылған. "Өкінішке орай, олардың ішінде өмірден озғаннан кейін мараптталғандары бар",- деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны