28.02.2007, 14:22 6484

Президент Қазақстанның қолайлы шарттармен ДСҰ-ға кіруін қамтамасыз ету - басты міндеттердің бірі деп санайды

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Президент Қазақстанның қолайлы шарттармен ДСҰ-ға кіруін қамтамасыз ету - басты міндеттердің бірі деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстанның қолайлы шарттармен ДСҰ-ға кіруін қамтамасыз ету - біз ұмтылатын басты мақсаттардың бірі",- деді президент бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында ел халқына арнаған жолдауында.

"Осыған байланысты біз халықаралық техникалық стандарттарды тез арада әрі кең көлемде қолданысқа енгізуіміз қажет",- деді мемлекет басшысы. "Менің үкіметке беретін ең басты тапсырмам осы, бұл - оның тікелей міндеті әрі қоғам алдындағы жауапкершілігі", - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны