10.01.2012, 09:18 4012

Президент Конституциялық Кеңестің Жаңаөзен қаласының аумағында сайлау өткізбеу туралы шешіміне вето қойды

Қарсылықты енгізе отырып, Қазақстан президенті Жаңаөзен қаласының тұрғындарының алаңдаушылығы мен абыржушылығын ескерді, өйткені Конституциялық Кеңестің жоғарыда көрсетілген шешімі еліміздің заңдары мен Конституциясында қарастырылған олардың сайлау құқықтарын шектейді.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында сайлау өткізбеу туралы шешіміне вето қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы тарапынан ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 6 қаңтардағы № 1 қосымша қаулысына қарсылық енгізілді, өйткені ҚР Констициялық Кеңесі Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депуттарының сайлауын өткізбеу туралы шешім қабылдаған еді.

Қарсылықты енгізе отырып, Қазақстан Президенті Жаңаөзен қаласының тұрғындарының алаңдаушылығы мен абыржушылығын ескерді, өйткені Конституциялық Кеңестің жоғарыда көрсетілген шешімі еліміздің заңдары мен Конституциясында қарастырылған олардың сайлау құқықтарын шектейді.

Сөйтіп, Мемлекет басшысы қабылдаған аталған шешімнің жалғыз ғана мақсаты - Жаңаөзен тұрғындары үшін мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайланудағы өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны