03.10.2008, 16:49 2988

Президент латвиялық кәсіпкерлерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

Президент латвиялық кәсіпкерлерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев латвиялық кәсіпкерлерді Қазақстанға инвестиция салуға шақырды. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан - Латвия бизнес-форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен сіздерді озық технологиялар мен басқару үлгілерін әкеліп, Қазақстанға инвестиция салуға шақырамын. Біздің елімізді Орталық Азияға, Қытай мен Ресейге шығатын база ретінде қарастыруға шақырамын", -деді Н. Назарбаев.

Президент бүгінгі күні "Қазақстанда Латвия компанияларының қатысуымен құрылған 44 кәсіпорын, Латвияда - Қазақстан капиталының қатысуымен құрылған 33 кәсіпорын бар екенін" айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны