05.06.2012, 10:03 2924

Президент мәжілістің парламенттік фракция жетекшілерімен кездесті

Кездесу барысында парламенттік фракциялар қызметі мен шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі депутаттық корпус жұмысының одан арғы перспективасы, халықтың әл-ауқаты мен жұмыспен қамту деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің парламенттік фракциялар жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында парламенттік фракциялар қызметі мен шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі депутаттық корпус жұмысының одан арғы перспективасы, халықтың әл-ауқаты мен жұмыспен қамту деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.

"Парламент Мәжілісі біраз уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Парламенттің төменгі палатасы - бұл жақсы демократия мектебі. Қазір Мәжілісте 3 партияның өкілдері, оған қоса Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бар. Төменгі палата құрамының 60 пайызға жуығы жаңартылды. Сіздер қысқа мерзім ішінде 28 заң жобасын мақұлдадыңыздар. Қазір уақыт болса - күрделі. Илемде дағдарыс белең алып келеді. Біз жағдайға үнемі мониторинг жүргізіп келеміз және даму үрдістерін қадағалап отырамыз. Бүгін мен сіздерді тыңдап, алдағы жұмысымыз туралы пікірлесу үшін кездесіп отырмын", - деді Мемлекет басшысы.

"Нұр Отан" ХДП депуаттық фракциясы Сіз бесінші сайланымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында алға қойған міндеттерді орындауға, сондай-ақ Мемлекет басшысының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауын және біздің партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыруға топтасқан. Осыған байланысты, біз сапалы заң жобаларын белгіленген мерзімде қабылдауға назар аударудамыз. Жалпы, 4 ай ішінде келіп түскен 63 заң жобасының 28-і мақұлданып, Сенатқа жолданды, 16 заң жобасы Сіз қол қойғаннан кейін заңды күшіне енді. Фракция депутаттары өздерінің заң шығарушылық бастамалары бойынша конституциялық құқықтарын белсенді пайдаланып келеді. Қызмет атқарып отырған кезең ішінде депуттаттар бастамашы болған 3 заң жобасы қабылданды. Сонымен қатар, депутаттық сауал қою тәжірибесі бір жүйеге келтірілді, яғни барлық депутаттық сауал алдын-ала депутаттық фракция президиумында талқыланады. Біздің жұмыстың тағы бір маңызды бағыты - тұрғындармен өзара іс-қимыл орнату. Біз осы уақыт аралығында 2 мәрте кездесулер ұйымдастырып, 1,5 мыңнан астам азаматтармен кездестік. Парламент Бюросының құрамына кіретін өзге фракциялармен белсенді ынтымақтастық орнаттық. Біз Мемлекет басшысының бағытын одан әрі іске асыру жөніндегі өзіміздің біліміміз бен тәжірибемізді топтастыруға дайынбыз. Бұдан біз Президент және еліміздің азаматтары алдындағы өз жауапкершілігімізді көреміз. Біздің партия халықтың сенім мандатын ақтауға ұмтылады, - деп атап өтті Парламент Мәжілісінің Төрағасы, "Нұр Отан" ХДП депутаттық фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин.

"Парламент Мәжілісі бақылау функциясына ие және біз мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, әсіресе мемлекеттік қаражаттың мақсатты орындалуын қатаң талап етуге тиіспіз және бұл ретте ымыраға келуге жол берілмеуі керек. Өздеріңіз білесіздер, Парламент Конституцияға сәйкес жұмыста жіберілген олқылықтары немесе мемлекеттік қаражаттың елеулі түрде игерілмегені үшін кез келген министрге сенімсіздің танытуы мүмкін. Басқаша болмайды, депутаттар мемлекеттік органның әр басшысынан оған жүктелген міндеттің орындалуын қатаң түрде сұрай алады. Халық сіздерді сол үшін сайлады", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

""Ақ жол" партиясының саяси тұғырнамасы қазақстандық қоғамның негізін құрайтын: бірлік, тұрақтылық және демократиялық институттардың одан әрі дамуы тәрізді құндылықтарға құрылған. Кәсіпкерлікті қолдау саласында біздің партия заң шығаруды одан әрі ырықтандыруды, елдегі бизнес пен іскерлік ахуалды енгізу жағдайын жақсартуды қолдайды. "Ақ жол" партиясы мен кәсіпкерлік топ еліміздің алдына қойған мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттерді іске асыруда Сіздің сенімді тірегіңіз болады. Біздің тарапымыздан ауылда кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөнінде жұмыстар жүргізілуде, кедендік және салық рәсімдерін төмендету жөнінде ұсыныстар бастама ретінде көтерілуде. Осы орайда, қазір ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен салыстырғанда ең төменгі салық мөлшерлемесі біздің елімізде. Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомагистралының құрылысы, "Жаңа Жібек жолы" жобасы және орталық-азия аймағында біздің еліміздің көлік хабы ретінде қалыптасуы - отандық экономиканың дамуына қуатты серпін береді. Бұдан тұп-тұра 20 жыл бұрын, 1992 жылғы 4 маусымда Сіз жеке кәсіпкерлікті қолдау туралы заңға қол қойдыңыз. Мұндай қолдау көрсету кәсіпкерлерге отандық экономиканы және тәуелсіз мемлекеттің құрылысын дамытуға белсенді атсалысуға мүмкіндік жасады", - деп тоқталып өтті өз сөзінде "Ақ жол" депутаттық фракциясының жетекшісі Азат Перуашев.

"Осындай мазмұндағы кездесу үшін Сізге зор алғыс айтамын. Бұл біз үшін тарихи және біздің партияның өмірінде үлкен мәні бар кездесу. Біз Сіз жүргізіп келе жатқан саясат біздің бағдарламалық мақсатымызға толығымен сәйкес келетінін үлкен қанағаттанушылық сезіммен атап өтеміз. Илеуметтік прогресс жөніндегі бастама мемлекеттен басталып, халықтың мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл біздің партия жүргізіп отырған және жүргізе беретін бағытқа дәл жауап береді. Партияның сәуір пленумында біз Үкіметпен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен біздің құқығымыз бекітілген партиямыздың стратегиясын қабылдадық. Біздің тарапымыздан жер ресустарын пайдалануға ерекше мән берілген. Біз өз жерінде еңбек етіп жатқан әрбір азамат оның нақты пайдасын көріп, өз игілігіне жаратқанын қалаймыз. Сіздің Жолдауыңыз, сондай-ақ Парламент сессиясының ашылуында, экономикалық форумда сөйлеген сөзіңізді - біз партиямыздың пайдасына жаратамыз", - деп атап өтті "Халық Коммунистері" депутаттық фракциясының жетекшісі Владислав Косарев.

"Қазір барлық қажетті бағдарлама қабылданған. Енді олардың тиімді іске асырылуын, мемлекеттен бөлінген әр тиын қалай жұмсалып жатқанын, тексеру мен бақылау қызметін қысқарту жөнінде жұмыстар қалай жүргізілгенін қадағалау маңызды. Елімізді индустрияландыру аясында біз бизнесмендердің жаңа толқынын тәрбиелеу жөнінде жұмысты жүргізуіміз керек. Сонымен қатар, әрдайым біздің назарымыздағы халықты жұмыспен қамту ісі де маңызды. Біз азаматтарымызды оқытып, жұмысқа орналастыру үшін барлық жағдай жасаудамыз. Егер біз осыны іске асыратын болсақ, онда бұл - отандастарымыз үшін үлкен игілік болар еді. Өзін-өзі қамтыған деп аталатындар - үлкен мәселе. Жеке шаруашылығы мен үй жанында жері бар адамды өзін-өзі қамтыған деп қалай атуға болады? Егер ол уақытша жүкші немесе базарда тұрып сауда жасайтын болса - оның жөні бір басқа. Ал егер ол өз өнімін базарға апарып сататын болса және солай істей тұрып статистикадан және зейнетақы есебінен сырт қалатын болса - бұл мүлде басқа мәселе. Осы санаттағы азаматтарға зейнетақы аударымының маңыздылығын ұғындырып, осы мәселені ретке келтіру қажет. Жер ресурстарын пайдалану бойынша мен мақсатты пайдаланбаған барлық жер телімдеріне ауқымды тексеріс жүргізуге тапсырма бердім. Осы бағытта сіздерді де үлкен жұмыс күтіп тұр. Дәл осы мәселелерде Парламент депутаттары белсенділік танытып, өздерінің халыққа жақын екендіктерін көрсетулері тиіс. Ирине, егер партиялар еліміздің одан әрі дамуы жөнінде жаңа идеялар әзірлеп, нақты ұсыныстар білдіретін болса, онда мен оларды қарауға әрдайым дайынмын", - деді Мемлекет басшысы.

Елімізде 2012 жылғы 15 қаңтарда болып өткен парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы 83 орын, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 8 орын, Қазақстанның коммунистік халық партиясы - 7 орын алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны