26.01.2015, 16:21 4216

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Ибдіқалықованы қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардыӊ жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маӊыздылығын атай отырып, орталық және өӊірлік деӊгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Г.Ибдіқалықова алдағы мерейтойлық даталарды - Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығын, Конституцияныӊ және Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардыӊ жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маӊыздылығын атай отырып, орталық және өӊірлік деӊгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны