12.12.2008, 19:10 3248

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа "Пекин Палас" мейманханасын аралап көрді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа "Пекин Палас" мейманханасын аралап көрді

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа "Пекин Палас" мейманханасын аралап көрді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бес жұлдызды қонақ үй кешені көне қытай сәулет өнерінің үздік үлгілері негізінде жобаланған. 23 қабатты ғимараттың биіктігі 120 метрді құрайды. Ғимараттың үш қабатында қытай, еуропалық тағамдар даярлайтын мейрамханалар, мәжіліс залдары орналасқан. Қонақ үйде 153 бөлме, оның ішінде президенттік люкс және бес VIP-бөлме бар. Келушілерге тренажер залы, бассейн, жер астылық автотұрақ қызмет етеді.

"Пекин Палас" қонақ үйі қытай инвесторларының қыржысына салынған. Кешеннің жалпы құны 100 миллионнан астам долларды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны