09.12.2008, 15:05 1541

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қарағанды қаласына келген бойда "Сарыарқа" әуежайының жаңартылған ғимаратын аралап көрді. Иуежай барлық халықаралық стандарттарға сай келеді, ол жылына 2,5 миллион жолаушы мен 40 мыңнан астам тонна жүкті өткізе алады. Ұзындығы 3600 метрді құрайтын ұшыру-қондыру алаңы жаңартылған.

Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев "Гүлдер" шағын ауданындағы ипотека бойынша салынған 352 пәтерлік жаңа тұрғын үйге барды. Бұл үйден бюджеттік сала қызметкерлері, дәрігерлер мен мұғалімдер пәтерлерге ие болды.

"Мен бүгін облыста "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының қалай орындалып жатқандығын, білім беру мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлері үшін үйлердің салыну жайын өз көзіммен көру үшін келіп тұрмын. Алдымыздағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі. Дағдарысқа қарамастан, халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мемлекеттің қабылдаған бағдарламалары орындалады", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны