11.07.2006, 12:38 3016

Президент өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заңға өзгерістер енгізуге Бюджеттік кодекстің нормалары арасындағы қарама-қайшылықтар себеп болған. Атап айтсақ, кодекстің қазынашылық мекемелерінде агенттің өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға арналған қаржы сақталатын арнаулы есепшотын ашу мен оған қызмет көрсету туралы бөліміндегі қайшылық түрткі болды.

Жаңа заң жобасында агенттің есепшотын Ұлттық банкте ашу көзделген. Ондағы қаржы сақтандыру компаниялары төлемдерінің бір бөлігін өтеп беруге бағытталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны