14.09.2009, 09:44 1410

Президент Түрікменбашы қаласында өткен "Жібек жолы-2009" халықаралық ралли-рейдтің қорытынды кезеңінің салтанатты стартына қатысты

Президент Түрікменбашы қаласында өткен "Жібек жолы-2009" халықаралық ралли-рейдтің қорытынды кезеңінің салтанатты стартына қатысты

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше Түрікменбашы қаласында (Түрікменстан) өткен "Жібек жолы-2009" халықаралық ралли-рейдтің қорытынды кезеңінің салтанатты стартына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Авторалли Ресей, Қазақстан және Түрікменстан президенттерінің қолдауымен ұйымдастырылып, Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) 5 қыркүйекте старт алды. Оған әлемнің 25 елінің өкілдері - 180 спортшы 20 жүк, 51 жеңіл автомобилімен қатысты. Бағыттың қашықтығы 4,3 мыңнан астам шақырымды құрайды.

Салтанатты старт рәсімінде сөз сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің барлық автомобиль әуесқойларының үлкен назарын аударған және әлемдік деңгейдегі спорт жарысы болып отырған ралли-рейдтің ұйымдастырылуына жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы осындай іс-шараның нәтижесінде Каспий теңізі нағыз достықтың теңізі болып отырғанын атап өтті. Бұдан басқа, жарыс спортшыларға біздің елдеріміздің халықтарымен және мәдениетімен танысуларына мүмкіндіктер туғызды. Авторалли сондай-ақ әлем халықтарын рухани жақындататын ізгілік, бейбітшілік жолы - Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша жүріп өтуімен танымал.

Нұрсұлтан Назарбаев автобәсекеге түсушілерге лайықты жетістіктер, ал салтанатты рәсімге қатысушылардың бәріне мықты денсаулық тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны