04.05.2010, 12:10 3229

Президент "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға қол қойды

Президент "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға қол қойды

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты тұтынушылар құқықтарын қорғаудың тиімді және пәрменді жүйесін құру, заңнаманы осы саладағы экономиканың қазіргі заманғы талаптарына және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Заңды қабылдау тұтынушы мен өндірушінің өзара қарым-қатынастары процесінде туындайтын қарым-қатынастарын реттеудің тиімді жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қазіргі әлеуметтік, коммерциялық және басқа да қатынастарын жолға қоюға және бұл жұмысқа Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарын тартуға мүмкіндік береді.

Осы заңды қабылдау тұтынушылардың құқықтарын толыққанды қорғау үшін үлкен мүмкіндіктер жасайды. Заң жобасынының жаңа нормалары тұтынушылар мен кәсіпкерлердің мүдделерін біріктіруге қызмет етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны