16.07.2012, 13:41 2750

Президент үкіметке елді әлеуметтік дамытуға қатысты тапсырмаларды жүзеге асыру жоспарын әзірлеуді тапсырды

Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді.

Астана. 14-шілде. Kazakhstan Today - Президент үкіметке елді әлеуметтік дамытуға қатысты тапсырмаларды жүзеге асыру жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді.

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы М.Құл-Мұхаммед, Президент Икімшілігінің Басшысы А.Мусин, Президент Икімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев, Экономикалық даму және сауда министрі Б.Сағынтаев, Қаржы министрі Б.Жәмішев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Ибдіқалықова, Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов, Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай, "Нұр Отан" ХДП Орталық аппаратының жетекшісі Қ.Ақсақалов қатысты.

Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы әлемдік экономикада және сыртқы нарықта белгісіздік орын алып отырғанына қарамастан, Қазақстан экономикасын дамытудың ілгерілей өсімі қамтамасыз етілгенін атап өтті. Елдің ішкі жалпы өнімі 5,6 процентті құрайды. Халықтың нақты табысы 13 процентке жуық артты. Жалақы 12 процентке жуық өсті. Бұл жағдайда қаңтар-шілде айларындағы инфляция деңгейі 2,7 процент болды.

"Біз менің "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты мақаламда берген тапсырмаларымды жүзеге асыру мәселесін талқылауымыз керек. Барлық жетістіктеріміз халықтың, қарапайым адамдардың өмір-тұрмысын жақсартуға бағытталуы қажет. Біз барлық қажетті бағдарламаларды әзірледік, оларды іске асыру үшін жеткілікті көлемде қаражат бөлінген. Олар жергілікті орындарда нақты орындалуға тиіс. Мұның бәрі біздің қоғамда еңбек қоғамын құруға және қалыптастыруға орайластырылғаны жөн. Кім еңбектенсе, сол табысқа жетіп, өсіп-өркендейді. Мақалада берілген 20 тапсырма біздің еліміздегі әлеуметтік жаңғырту процесін тереңдете түсуге арналған. Біз бүгін осы тапсырмаларды орындау жолдарын айқындау үшін жиналып отырмыз", - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеңестегі сөзінде Премьер-Министр К.Мәсімов мақалада нақты істерді қамтуға тиіс аса маңызды 20 міндет қойылғанын атап өтті.

"Сіздің Жолдауыңызға сәйкес, әлеуметтік жаңғырту жөніндегі негізгі бағдарламалар қабылданып қойды. Енді мақалада айтылған тұжырымдарға күш салу үшін, оларды жаңа талаптарға сай нақты мазмұнмен толықтыру өте маңызды. Жоспарға сәйкес, тапсырманы орындау негізгі 5 бағыт бойынша үйлестірілетін болады.

Біріншісі, әлеуметтік заң шығаруды жаңарту. Екіншісі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру. Үшіншісі, қазақстандықтардың өмір-тұрмысы сапасын арттырып, бұған еңбекке қатыстылықты тиянақ ету. Төртіншісі, әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени бөлігін дамыту. Бесіншісі, әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Барлық тұжырымдар егжей-тегжейлі зерттеледі, тиісті шешім қабылданып, Сіздің қарауыңызға ұсынылады. Мақұлдағаннан кейін, біз нақты іске асыру мәселесіне көшеміз.

Сонымен қатар, кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрлері сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны