13.11.2006, 18:26 2898

Президент үкіметке тұрғын үй құрылысы саласын тәртіпке келтіруді тапсырды

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. Қауіпсіздік кеңесінің бүгін өткен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке тұрғын үй құрылысы саласын тәртіпке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі. "Президент тұрғын үй құрылысы саласын тәртіпке келтіруді және оның сапасын жақсартуды, сондай-ақ, баспана құнының қымбаттай түсуінің себептерін анықтауды тапсырды",- деді еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мемлекет башысының резиденциясында өтіп жатқан Қауіпсіздік кеңесінің бүгінгі отырысының күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралғаннан кейін журналистерге таратқан ақпаратында.

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. Қауіпсіздік кеңесінің бүгін өткен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке тұрғын үй құрылысы саласын тәртіпке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Президент тұрғын үй құрылысы саласын тәртіпке келтіруді және оның сапасын жақсартуды, сондай-ақ, баспана құнының қымбаттай түсуінің себептерін анықтауды тапсырды",- деді еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мемлекет башысының резиденциясында өтіп жатқан Қауіпсіздік кеңесінің бүгінгі отырысының күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралғаннан кейін журналистерге таратқан ақпаратында.

Қауіпсіздік кеңесінің бүгінгі отырысында мемлекет басшысы жеке баспана тұрғызу мәселесіне баса назар аударды, деді министр. "Президент үкімет пен әкімшіліктерге жеке меншік баспана тұрғызуға арналған жер телімдеріне коммуникациялар тартуға бағытталған жұмыстарды күшейтуді тапсырды",- деді В.Школьник.

Оның айтуынша, қазір еліміз бойынша жеке баспана тұрғызу үшін жер телімін алуға 367 мың өтініш тапсырылып, оның 108 мыңы қанағаттандырылған.

"Қазірде қалаларды салу жөніндегі бас жоспарлар жеке меншік баспана құрылысына қатысты мәселелерді ескеру негізінде қайта қаралуда. Қаланың қазіргі заманғы сәулет кескін-келбеті сақталып, әлеуметтік инфрақұрылым ескеріліп, құрылыс салу және жобалау жұмыстарының жоғары сапасы сақталуға тиіс",- деді министр.

Еліміздің индустрия және сауда министрлігінің мәліметіне сәйкес, Астанада жеке баспана тұрғызуға 60 мың жер телімі арналған. "Олар барлық инфрақұрылым тартылғаннан кейін барып қана таратылады",- деді В.Школьник.

Сонымен бірге министр елімізде жеке баспана тұрғызуға жер телімдерін беру мен құрылыс салуда "заң бұзушылықтардың белең алғанын" мойындады. "Тұрғын үй құрылысының мұндай ауқымы заң бұзушылықтарсыз болмайтыны түсінікті. Біз оған жол бергіміз келмейді",- деді ол.

Президент мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарды дайындауды үкіметке тапсырды, деді министр. "Біз қазір осындай ұсыныстарды дайындап жатырмыз",- деді В.Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны