07.06.2023, 17:04 14431

Президент ЮНЕСКО-ның Бас директорын қабылдады

Президент ЮНЕСКО-ның Бас директорын қабылдады
Сурет: Akorda
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесу басында Одрэ Азуле Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Бурабай" және "Марқакөл" қорықтары биосфералық резерваттардың жаһандық желісіне, сондай-ақ "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгенін растайтын сертификаттарды табыстады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны