12.03.2009, 16:38 2932

Президентке сегіз мемлекеттің елшісі сенім грамоталарын тапсырды

Президентке сегіз мемлекеттің елшісі сенім грамоталарын тапсырды

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада бүгін Вьетнам, Грек, Болгария, Ауғанстан, Ливан, Корея Республикасы мен Малайзияның Қазақстан Республикасындағы елшілері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтсақ, сенім грамоталарын Қазақстан Республикасындағы Вьетнам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ву Тхе Хиеп, Грек Республикасының елшісі Евангелос Денаксас, Болгария елшісі Стоян Ризов, Норвегия елшісі Даг Малмер Халворсен, Ауғанстан елшісі Абдул Хайдер, Ливан елшісі Вазкен Кавлакян, Корея Республикасының елшісі Ли Бюн Хва, Малайзия елшісі Датук Со Чин Хон табыс етті.

"Бүгін сенім грамоталарын тапсырған елші мырзаларды дипломатиялық қызметтерінің ресми басталуымен құттықтаймын. Қазақстан дипломатиялық қатынастар орнатқан барлық мемлекеттермен, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен достық қарым-қатынастар әрдайым берік екенін айтқым келеді. Ынтымақтастық байланыстардың одан әрі дамуы сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге байланысты. Дағдарыс кезіндегі кері әсерлерді еңсеру үшін күш біріктіру қажет деп білемін. Қазақстанның тұрақты дамуы елімізді тартымды сыртқы экономикалық серікске айналдырып отыр", -деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны