04.05.2015, 15:21 14613

Президенттіӊ 2015 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары, гранттары және Алғысы туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентініӊ Баспасөз қызметі Мемлекет басшысыныӊ 2015 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын хабарлайды

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ Баспасөз қызметі Мемлекет басшысыныӊ 2015 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдарды шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады.

Ирбір бұқаралық ақпарат құралы, шығармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы.

Сыйлықтар, гранттар алуға үміткерлердіӊ және Алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдардыӊ өзін-өзі ұсынуына жол берілмейді.

Сыйлықтар немесе гранттар алуға бұқаралық ақпарат құралыныӊ, шығармашылық одақтыӊ, қоғамдық бірлестіктіӊ, мемлекеттік органныӊ ресми бланкісіне жазылған, бірінші басшы немесе оныӊ орнындағы адам қол қойған (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным жолданады. Оған мынадай құжаттар қоса ұсынылады:

- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердіӊ аты, әкесініӊ аты, тегі және шығармашылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ атқаратын лауазымы көрсетілген негізгі жұмыс орнынан анықтама;

- сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсынылған үміткердіӊ шығармашылық қызметініӊ қысқаша сипаттамасы;

- жарияланымдар мәтіндері немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар;

- негізгі жарияланымдарыныӊ тізімі және (немесе) олардыӊ көшірмелері.

Алғыс жариялауға шығармашылық одақтыӊ, қоғамдық бірлестіктіӊ, мемлекеттік органныӊ ресми бланкісіне жазылған бірінші басшы немесе оныӊ орнындағы адам қол қойған бұқаралық ақпарат құралыныӊ қызметі туралы (А4 форматтағы көлемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным ұсынылады;

Конкурсқа мән-маӊызы жоғары негізгі жарияланымдар немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар ұсынылады. Қарауға 2014 жылғы 1 маусым мен 2015 жылғы 1 маусым аралығында жарияланған және (немесе) эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Сыйлықтар, гранттар алуға және Алғыс жариялауға ұсынылған материалдар мен құжаттар қайтарылмайды.

Кітаптар БАҚ саласындағы наградалар алуға ұсынылған материал ретінде қарастырылмайды. Мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар топтамасын ұсынуға болады.

Мемлекет басшысыныӊ сыйлықтарын, гранттарын алуға және Алғысын жариялауға ұсынымдарды Қоғамдық комиссияныӊ төрайымы - Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Ибдіқалықованыӊ атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана, Сол жағалау, "Ақорда" Резиденциясына 2015 жылғы 5 маусымға дейін жолдау қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны