21.01.2013, 15:37 3343

Президенттің қатысуымен өтетін үкімет отырысы 23 қаңтарға шегерілді

Отырыста ел экономикасының өсу қарқынын жалғастыру, транспорттық инфрақұрылымды дамыту, "жасыл экономиканы" дамыту және үшінші индустриалдық төңкеріс секілді маңызды ғаламдық бағыттарғка мемлекеттің сәйкес келуі секілді мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.

Астана. 21-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысы 23 қаңтарда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев мәлімдеді.

"Осы аптаның ең басты оқиғасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 23 қаңтарда өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысы болмақ", - деп ресми өкіл бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Президент Қазақстанның 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытында мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттерді атап көрсетеді.

Отырыста ел экономикасының өсу қарқынын жалғастыру, транспорттық инфрақұрылымды дамыту, "жасыл экономиканы" дамыту және үшінші индустриалдық төңкеріс секілді маңызды ғаламдық бағыттарғка мемлекеттің сәйкес келуі секілді мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.

Бұған дейін отырыс 21 қаңтарда өтеді деп мәлімделген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны