27.06.2006, 17:45 3103

Президенттің Малайзияға сапары аяқталды

АСТАНА. 27-маусым. Kazakhstan Today. Малайзия Корольдігіне мемлекеттік сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың малай тіліндегі «Сындарлы 10 жыл» кітабының тұсаукесер рәсімі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кітаптың тұсаукесеріне Малайзияның бұрынғы премьер-министрі, доктор Махатхир бин Мохаммад қатысты.

“Мен бұл кітапты Малайзияға шынайы Қазақстанды көрсету мүмкіндігі ретінде қарастырамын. Президент мырза өзінің елді дамытуға және әлемге деген көзқарасымен бөліседі. Біз елде тұрақтылық болғанда ғана оның дами алатынына сенеміз. Ал Қазақстан өңірдегі ең тұрақты ел болып табылады. Президент Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруін мақсат етіп қойды. Мен Президент мырзаны талай жылдан бері жеке білетіндіктен, оның осы мақсатқа қол жеткізу үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына және діттегеніне жететініне сенімдімін. Малайзиялықтарға Қазақстан туралы көп білу керек және бұл мәселеде оларға осы кітаптың көмегі тиеді. Мен Малайзияның әр азаматына осы кітапты оқып шығуды ұсынғым келеді. Мен Қазақстан мен Малайзия арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға президент айрықша үлес қосты деп санаймын”, - деді М. Мохаммад.

Түстен кейін «Истана Негара» король сарайында Қазақстан президентінің мен Малайзия Королі Янг ди-Пертуан Агонг XII Туанку Саид Сираджуддин Джамалуллаилдің қоштасу рәсімі өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны