28.07.2014, 19:53 3244

Приозерск қаласында судан құтқару стансасы ашылды

"Судан құтқару стансасы Қазақстан Республикасындағы моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасы аясында салынды, ол Қарағанды облысының аталмыш өңіріндегі барлық құтқару бөлімшелерінің орталығы болуға бейімделген", - делінген хабарламада.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Приозерск қаласында жаңа судан құтқару стансасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Судан құтқару стансасы Қазақстан Республикасындағы моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасы аясында салынды, ол Қарағанды облысының аталмыш өңіріндегі барлық құтқару бөлімшелерінің орталығы болуға бейімделген", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Приозерск облыс орталығынан айтарлықтай алшақ орналасқан (540 шақырым). Балқаш көлінің ұзындығын есепке алғанда төтенше жағдайларға тұрақты әзірлікті және жедел ден қоюды қамтамасыз ету үшін суда құтқару стансасын салу қажеттігі туды. Көлді жағалай балық аулау ұйымдары, көптеген демалыс аймақтары орналасқан, сонымен қатар Балқаш көлі әуесқой балықшылардың сүйікті орны болып табылады.

Аталмыш станса тез жүретін құтқару катерлерімен, сүңгуір және суда құтқару жабдықтары мен жарақтарының жаңа үлгілерімен, оның ішінде барокамерамен жарақталған, ол құтқарушылардың өмірі үшін қауіпсіз үлкен тереңдіктерде олар сүңгуір жұмыстарын жүргізгеннен кейін медициналық-оңалту іс-шараларын өткізуге мүмкіндік береді.

Станса ҚР ТЖМ сүңгуірлері мен құтқарушылары үшін оқу-жаттықтыру база ретінде пайдаланылатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны