17.01.2011, 15:21 3813

Приозерск қаласының әкімі қаланы жылумен қамту жүйесінде болған апат үшін жауапқа тартылатын болады - Исекешев

Қарағанды облысының Приозерск қаласының әкімі қаланы жылумен қамту жүйесінде болған апат үшін жауапқа тартылатын болады. Бұл туралы индустрия және жаңа технологиялар министрі вице-премьер Асет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 17 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Приозерск қаласының әкімі қаланы жылумен қамту жүйесінде болған апат үшін жауапқа тартылатын болады. Бұл туралы индустрия және жаңа технологиялар министрі вице-премьер Асет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жақын күндерде комиссия апаттың салдарын қатысты қорытындыларын жасайды, қазірдің өзінде қазандық жабдықтың ескіргендігі, және жергілікті басшылықтың Приозерск қаласының жылуына немқұрайдылықпен дайындалғанын айтуға болады", деді И. Исекешев.

"Болған апаттық жағдайға қатысты комиссияның нәтижесі бойынша, облыстық және қалалық деңгейдегі жауапты тұлғалар, сонымен қатар Приозерск әкіміде жауапқа тартылатын болады", - деп мәлім етті И. Исекешев.

Бұрын хабарлағанымыздай, 14-қаңтар күні Қарағанды облысының қылмыстық полициясы қақаған қыстың ортасында тұтас бір қаланы жылусыз қалдырған Приозерск қазандығындағы апатты оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Сүлейменованың хабарлауынша, қылмыстық іс "салғырттық" бабы бойынша қозғалып отыр.

"2011 жылдың 14 қаңтарында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 2010 жылдың 29-30 желтоқсанында Приозерск қаласының жылумен жабдықтау жүйесінде орын алған апатты оқиғаға орай бірқатар шенеуніктерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 216-шы бабы 2-ші тармағына сәйкес (салғырттық) қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы.

Қылмыстық іс атап айтқанда, Приозерск әкімі аппаратының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің, "Приозерск қаласының Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы" кәсіпорнының және басқа да бөлімдердің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалып отыр", - деп нақтылады Г.Сүлейменова.

"Қылмыстық іс бойынша тексерулер басталып кетті. Алдын ала тексерулер аяқталғаннан кейін, барлық деректер жұртшылықтың назарына жеткізіледі", - деді облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны