06.04.2012, 15:54 3924

Прокуратура Қарағандыдағы жаңа үйдің құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады

"Ғимараттың қирап қалу оқиғасына қатысты мамандандырылған прокурор ҚР ҚК 307 бабының 4 тармағына сәйкес ("Қызметтік бабын асыра пайдалану") қылмыстық іс қозғады. Тергеу-оперативтік тобы құрылуда", - деп айтылған прокуратураның таратқан хабарламасында.

Қарағанды. 6-сәуір. Kazakhstan Today - Прокуратура Қарағандыда үш жыл бұрын үлескерлердің қаржысына салынған "Бесоба" кешеніндегі бес қабатты үйдің құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ғимараттың қирап қалу оқиғасына қатысты мамандандырылған прокурор ҚР ҚК 307 бабының 4 тармағына сәйкес ("Қызметтік бабын асыра пайдалану") қылмыстық іс қозғады. Тергеу-оперативтік тобы құрылуда", - деп айтылған прокуратураның таратқан хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғанымыздай, "Бесоба" шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде апатты жағдайдың қалыптасуы жөніндегі материал тергеу алды тексеріс жүргізу үшін және соған қатысты шешім қабылдау үшін Қарағанды облыстық прокуратурасы мамандандырылған прокурорлар басқармасының қарауына жіберілген болатын.

Бүгін үйдің апатты бөлігі опырылып құлады, оқиға орнына комиссия мүшелері келген.

Естеріңізге сала кетсек, 1 сәуір күні бұдан үш жыл бұрын үлескерлердің қатысуымен салынған Қарағандыдағы "Бесоба" шағын ауданының № 7 үйінде құрылыстық салмақ түсетін конструкциялар опырылып құлаған. Үйдің сыртқы қабатындағы төртінші және бесінші кіреберістер арасында техникалық қабаттың іргетастық блогының төменгі бөлігі жарылған болатын. Бұл кіреберістердің арасында ғимараттың негізгі тіректері орнынан жылжып кеткен. Екі кіреберістегі пәтерлердің қабырғалары жарылған еді.

Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен 3 сәуір күні тұрғын үйде ескерту шаралар кешенін орындау үшін төтенше жағдай режимі енгізілді.

Қаржы полициясы бұл үйдің құрылысымен айналысқан "Сервиспромснаб" ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты үлескерлерді алдау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Алданған үлескерлердің ақшасын жымқырып, ізін жасырып кеткен компания басшысына іздеу жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны