01.07.2008, 12:44 1738

Прокуратура Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау мекемелерінде ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы көптеген кемшіліктердің бетін ашты

Прокуратура Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау мекемелерінде ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы көптеген кемшіліктердің бетін ашты

Шымкент. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Прокуратура Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау мекемелерінде ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы көптеген кемшіліктердің бетін ашты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО прокуратурасының тексеру қорытындысына арналған анықтамаға сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау мекемелерінде ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы заңнаманың қолданылуына тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша прокуратураның хабарлауынша, денсаулық сақтау мекемелерінде жаңа жабдықтар пайдаланылмай босқа тұр, ауруханаларда санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмайды, ана мен баланың негізсіз өліміне жол беріледі, сондай-ақ, баланың өлімін жасыру оқиғалары кездесуде.

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2007 жылы облыста 38 ана өлімі, 2008 жылдың 1 тоқсанында 10 оқиға тіркелген.

2007 жылы тірі туған 67650, 2008 жылдың 1 тоқсанында - 17 731 бала тіркелген.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста бала мен сәби өлімі көбейген. Мәселен, 2007 жылы бала өліміне қатысты 1569 оқиға (тірі туған 1000 балаға шаққанда 23,7%) тіркелген. 2008 жылдың 1 тоқсанында 525 бала көз жұмды (көрсеткіш 29,6%), ал 2007 жыллың осы мерзімінде 362 бала (көрсеткіш 21,6%) қайтыс болған. Өткен жылы 1258 сәби өлімі тіркелген (18,9%). 2008 жылдың 1 тоқсанында 481 оқиға (27,1%), 2007 жылдың осы мерзімінде - 293 оқиға тіркелген (17,5%).

2007 жылы құқық қорғау органдары медицина қызметкерлеріне қатысты 58 арыз қабылдаған, оның 30-ы -ана мен балаға сапасыз медициналық қызмет көрсету жөнінде.

Тексерулер нәтижесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған (медициналық және фармацевтикалық мамандардың өз кәсіби міндетін дұрыс орындамауы), қалған материалдар бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған.

Прокуратураның хабарлауынша, медициналық мекемелердегі мамандар тапшылығы, медицина мамандарын оқыту деңгейінің төмендігі де облыстағы денсаулық сақтау жүйесіндегі түйткілдердің бірі.

"Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің ақпаратына сәйкес, әйел босандыру қызметінің мамандармен және төсекпен қамтамасыз етілу деңгейі республика бойынша ең төмен болып табылалы. Ирбір тірі және өлі туған 1000 балаға шаққанда акушер-гинеколог мамандармен қамтамасыз етілу көрсеткіші облыста 10,6 ( республика бойынша - 13,9), әрбір тірі және өлі туған 1000 балаға шаққанда акушерлік төсекпен қамтамасыз етілу деңгейі облыста - 28,6 (ел бойынша - 32,3)", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны