22.10.2009, 15:08 3404

Прокуратура органдары азаматтардың сенімінен айрыла түсуде - Мәми

Прокуратура органдары азаматтардың сенімінен айрыла түсуде - Мәми

Астана. 22 қазан. Kazakhstan Today - Прокуратура органдары азаматтардың сенімінен айрыла түсуде. Бұл туралы бүгін Астанада "Заңдылықты қамтамасыз етудегі қалалық және аудандық прокуратуралардың рөлін жоғарылату" тақырыбында өтіп жатқан республикалық семинар-кеңесте ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жекелеген прокурорлар жыл сайын бір түрлі ғана заң бұзушылықтарды белгілеумен ғана шұғылданып отыр, сол арқылы азаматтардың сенімінен айрыла түсуде. Демек, прокуратура органдары беделден жалпы айрылып жатыр деген сөз", - деді Қ. Мәми.

Оның айтуынша, "белгілі бір нәтижелерге және қылмыстардың азаюына қарамастан, қылмысқа қарсы тұру мәселесі күрделі күйінде қалып отыр".

"Оған себеп, облыстық және аудандық прокурорлардың қылмыспен күрес бойынша үйлестіру функцияларының жеткіліксіздігі болмақ", - деді прокурор.

"Қызметті ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасымен және көлеңкелі экономикамен күресте оң нәтижеге жетуге бағыттау қажет. Қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары мен жетекшілерін анықтауға және олардың кірістерін заңдастыруының алдын алуға ықпалды шаралар қолдану қажет", - деді Қ. Мәми.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны