07.05.2009, 18:16 3099

Прокуратура органдарының аймақтық құрылымдарында кадрлық өзгерістер болды

Прокуратура органдарының аймақтық құрылымдарында кадрлық өзгерістер болды

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Прокуратура органдарының аймақтық құрылымдарында кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің келісімімен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2009 жылдың 6 мамыры күнгі бұйрықтарымен Ерғали Серікбайұлы Мырзадинов - Бас әскери прокурор, Имірхан Сырғалбайұлы Естаев - Алматы қаласының прокуроры, Ерлік Ибдірақымұлы Кененбаев - Алматы облысының прокуроры, Мұрат Жамбылұлы Ахметов - Қарағанды облысының прокуроры, Жақсылық Ысқақұлы Байтұқбаев - Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 мамыр күнгі өкімдерімен Мұхтар Икебайұлы Жөргенбаев пен Асқар Асанханұлы Секішев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарлары болып тағайындалды.

М.Жөргенбаев - Алматы облысының прокуроры, А.Секішев - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы болып істеген.

Р.Мамырбаев пен Е.Мырзадинов басқа жұмысқа ауысуларына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары міндетінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны