12.03.2012, 12:27 3182

Путинге қастандық жасамақ болған күдікті отандасымызға әлі айып тағылған жоқ

Украина қауіпсіздік қызметінің тергеушілері жарылғыш заттардың заңсыз айналымы үшін ұсталған Шешенстан тумасы Руслан Мадаев пен Қазақстан азаматы Илья Пьянзинге Ресей Премьер-министрі Владимир Путинге қастандық жасамақ болғандығы туралы айып тағуға негіз таба алмай отыр.

Киев. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Путинге қастандық жасамақ болған күдікті отандасымызға әлі айып тағылған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Украина қауіпсіздік қызметінің тергеушілері жарылғыш заттардың заңсыз айналымы үшін ұсталған Шешенстан тумасы Руслан Мадаев пен Қазақстан азаматы Илья Пьянзинге Ресей Премьер-министрі Владимир Путинге қастандық жасамақ болғандығы туралы айып тағуға негіз таба алмай отыр.

"Коммерсантъ" газеті жазғандай, құқыққорғау органдарындағы дереккөздің мәліметтері бойынша, тергеуде "Бірінші арнада" көрсетілген қастандық жасау хабарламасы жазылған видеожазбадан басқа ешбір айғақ жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда Одессада Тирасполь көшесінде орналасқан пәтерде жарылыс болып, нәтижесінде Ресей азаматы Руслан Мадаев қаза болды, ал Қазақстан азаматы Илья Пьянзин денесін күйік шалған жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған болатын. Жанып кеткен пәтерден жарылғыш зат қалдықтары табылып, соның негізінде РФ ҚК 263 бабына сәйкес ("Қару-жарақты және жарылғыш заттарды заңсыз ұстау", екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған) қылмыстық іс қозғалып, күдікті Пьянзин қамауға алынды.

Құқыққорғау органдарының нұсқауы бойынша, Пьянзин мен Мадаев 2007 жылы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа қастандық жасамақ болғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Адам Осмаевтың бандасының мүшесі болған. 4 ақпанда Одессада Осмаевтың өзі де қолға түсті.

27 ақпанда ресейлік "Бірінші арна" Осмаев В.Путинге қастандық жасауды жоспарлағанын мойындаған видеосюжетті жариялады.

Одесса облысындағы УҚҚ басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Игорь Скуртовтың "Ъ"-ға хабарлағандай, соңғы күндері "тергеу жұмыстарында айтарлықтай өзгерістер жоқ".

Басылымның басқа дереккөзінің айтуы бойынша, іс бойынша зерттелген айғақтар Осмаев пен Пьянзинді соттау мақсаттары туралы нақты жауап бере алмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны