05.02.2020, 18:44 6874

ҚР қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті" РММ басшысы сыбайлас жемқорлыққа күдікті деп танылды

Күдікті ұсталып, Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қорғаныс полковнигі - БҚО бойынша департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа күдікті деп танылды.

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, пара алғаны үшін күдікті болған полковник, "ҚР қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті" РММ басшысын әшкереледі.

Облыстың қорғаныс істері жөніндегі басшысы қол астындағы қызметкерінен қызмет бабында көтермелеу мен оған қамқорлығы үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Видео:https://www.youtube.com/watch?v=V2VWmLsbQBc&feature=youtu.be

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны