15.01.2021, 18:03 11279

ҚР Президенті Мәжіліске саяси партиялардың өту шегін төмендетуді ұсынды

Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді.
Нұр-Сұлтан. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісіне саяси партиялардың өту шегін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады", - деді ҚР Президенті.

 
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізуді ұсынды. 
 

Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс", - деді Тоқаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны