10.05.2012, 13:31 3508

Рәсімделмеген жүк жоғалып кетті

Алматы қаласының кеден қызметкерлері түрік номерлері бар 12 жүк көлігінде болған тауарды іздестіруде. Жақында қала аумағына кірген көліктер тұрақтардың бірінде табылды, ал онда сақталған жүк ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Алматы. 10-мамыр. Kazakhstan Today - Рәсімделмеген жүк жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласының кеден қызметкерлері түрік номерлері бар 12 жүк көлігінде болған тауарды іздестіруде. Жақында қала аумағына кірген көліктер тұрақтардың бірінде табылды, ал онда сақталған жүк ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Кеден қызметкерлері жүк көліктері Түркиядан Қазақстанға халық тұтынатын тауар әкеле жатқанына сенімді. Алайда, кедендік рәсімдеуден өту үшін қажетті құжаттар берілмей, жүктің өзі де жоғалып кеткен. Қазір тауардың қайда кетіп, шығын көлемін анықталуда. Қылмыстық іс қозғау мәселесі де қарастырылып жатыр.

Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау қызметі мамандары, жыл басынан бері контрабанда фактісі бойынша 26 қылмыстық және 387 әкімшілік іс қозғалғанын айтты. Ал айыппұлдар көлемі 76 миллион теңгеден асқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны